Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару
7) өзгеретін жағдайларға бейімделуге қажетті өндірістік процесстің икемділігі - өнімнің арнайы қасиеттерін дамыту, жоба аясында уақыт қорларын жоспарлау, өндірістік процесстің дамуы. 2.3 Жобаларды басқарудың негізгі принциптері Қазақстан үшін жобаны басқарудың заманауи стандарттары салыстырмалы түрде жаңа болғанына қарамастан, елде табысты жобаларды басқарудың алғышарттары бар, өйткеніотандық экономикада ұзақ уақыт бойы басқаруға бағытталған бағдарламалық-мақсаттық амал қолданылады. Бағдарламалық басқарудың негізгі формасы мақсаттық кешендік бағдарламалар болып табылады. Бағдарламалық- мақсаттықбасқарудың негізгі қағидалары: - мақсаттық бағыт - түпкілікті нәтижелерді қамтамасыз етуге арналған бағдарламалардың мақсаттық бағыты; - жүйелілік - тұтастай елдің даму қағидасымен өзара байланыстағы бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті шаралар кешенін әзірлеу; - кешенділік- жеке мақсаттарға жетуге бағытталған бағдарлама құрылымының жекелеген элементтерін дайындау жалпы мақсатқа сәйкес жүзеге асырылуы тиіс; - қамтамасыздық- бағдарламада қарастырылған барлық іс-шаралар қаржылық, ақпараттық, материалдық және еңбек ресурстарының түрлерімен қамтамасыз етілуі тиіс; - басымдылық - дамудың жалпы концепциясы негізінде әзірленген артықшылықтар жүйесі; - экономикалық қауіпсіздік; - республикалық және аймақтық мүдделер мен міндеттердің сәйкестігі; - уақыттылылық, яғни белгілі бір мерзім ішінде қажетті түпкілікті нәтижеге қол жеткізу. Тапсырмалар және өзін-өзі бақылау сұрақтары Тапсырма: MS Project бағдарламасын ашу. Жаңа файл құру. View Bar (Көрсетілімдер панелі) панелін табу жәнеProject Information (Жоба жөнінде ақпарат) терезесін шақыру. Файлды сақтау керек. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Жобаны шектеу a) Нәтижелері жобаны іске асыру және оны орындау 21
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==