Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару
^ отандық және шет елдер жобаларын басқаруда жинақталған практикалық тәжірибені пайдаланудағы тарихи кағида, сонымен қатар, осы саладағы қайшылықтарды шешу және ең үздік нәтижелерді тарату қағидасы; S ішкі қатынастардың айтарлықтай әртүрлілігімен және құрылым бірегейлігін, және де синергиясын қамтитын сыртқы орта факторларының ықпалымен болатын күрделі жүйе қатынасына негізделетін жүйелілік қағидасы. Сондай-ақ жобаны басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жүйе элементтерінің өзара әрекеттесуін ұйымдастыруға бағытталу қажет; ^ отандық инновациялық жүйе шарттарында технологиялар тасымалдау механизміне эсер ететін барлық сыртқы және ішкі факторларды есепке алуды анықтайтын кешенділік қағидасы; S жүйеде қызмет ету тиімділігі мен басқаруын арттыру мақсатында анықталған классификациялық белгілері бойынша ерекшеленуді білдіретін жіктелу принципі; ^ жобаның қатысушылары, және де осы жоба жүзеге асырылатын жоғары деңгейдегі жүйелер үшін оң нәтижелерге жетуге жобаны басқару әдістерінің бағытын топшалайтын иімділік принципі; Бұл оң нәтижелер жобаның немесе кәсіпорынның экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері сандық түрде, сонымен қатар қатысушы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін және олардың инновациялық белсенділігін арттыруда сапалық түрде өрнектеле алады. Microsoft мамандарының пікірі бойынша, жобаны басқару әдістерін қолдану келесі негізгі элементтер болған жағдайда жетістікке қол жеткізеді: 1) Жоба көлемін шектеу - өнімді нақты анықтау, уақыт және қызметкерлер бойынша шегі; 2) өнімді бөліктерге бөлу мүмкіндігі - техникалық сипаттамалары, функциялары, ішкі жүйелері және объектілері бойынша модуляризациялау; 3) жобаны бөлу мүмкіндігі - жеке техникалық сипаттамаларды, этап бойынша ішкі жобаларды әзірлейтін командалар мен топтарды бөлу; 4) шағын топтар құру және басқару - тәуелсіздік пен жауапкершілікке ие болатын шағын өндірістік топтардың көптігі; 5) үйлестіруді және синхронизациялауды күшейту үшін пайдаланылатын қатаң ережелердің шағын мөлшері - өнімнің күнделікті қалыптасуы, қателіктерді жылдамдатып іздеу және түзету, этап бойынша тұрақтандыру; 6) командалар мен функционалдық топтар ішінде, сонымен қатар олардың арасындағы жақсы қарым-қатынас - жауапкершілікті бөлісу, ашық мәдениет; 20
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==