Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару
2 ЖОБАЛАРДЫБАСҚАРУ ӘДІСТЕМЕСІ 2.1 Жобаларды басқару концепциялары Әрбір жобаның өз концепциясы болуы керек. Егер жоба көлемі кішкентай болса, концепцияны ұсыну үшін бірнеше тармақ жеткілікті. Концепциясыз жобаны іске асыру, бұл кемені жеткізілу нүктесін анықтамай, белгісізжерге жібергенмен тең болады. Жобаның концепциясы бизнестің қажеттілігін талдау негізінде әзірленеді.Құжаттың негізгі функциясы жобаның барлық қатысушыларының мақсаттарына, міндеттеріне және нәтижелеріне бірдей көзқарастарын растау және келісу болып табылады. Концепция жобада не жасалады және неліктен жасалады деген сұрақтарды анықтайды. Жобаның концепциясы - жоба бойынша шешімдер қабылдау үшін пайдаланылатын негізгі құжат, сондай-ақ қабылдау кезеңінде - нәтижені растауға арналған құжат болып табылады.Жоба концепциясы,әдетте, келесі бөлімдерді қамтиды: Жобаның атауы Жобаның мақсаты Жобаның нәтижелері Болжамдар және шектеулер Негізгі қатысушылар мен мүдделі жақтар Жобаның ресурстары Мерзімдері Тәуекелдер Қабылдау тұжырымдамалары Жоба пайдалылығының негіздемесі 2.2 Мақсатты анықтайтын әдістемелер мен принциптер Әдістеменізерттеу процесстерін қамтамасыз ететін қажетті әдістер мен амалдар жиынының ғылыми қағидаларының жиынтығы ретінде айқындауға болады. Жобаны басқару мақсаттары үшін мұндай ғылыми қағидаларға келесі топтарды жатқызуға болады: У ұсынылатын ұсынымдардың негіздемесі, оларды жүзеге асыру кезінде экономикалық ғылымның заманауи жетістіктерін, жобаның жалпы мақсаттарына қол жеткізіп нақты тапсырмаларды шешуге арналған инновациялық, инвестициялық, қаржы менеджменті, персоналды басқару, логикалық және экономикалық-математикалық модельдеу әдістерін қолдану; 19
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==