Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару
Глоссарий Тапсырма (task) - белгілі бір нәтижеге жету үшін жоба аясында жүзеге асырылатын іс-шаралар. Ресурстар -тапсырмаларды және міндеттерді орындауға қажетті орындаушылар, жабдықтар мен материалдар. Міндеттемелер - нақты тапсырманы жүзеге асыруға бөлінген ресурстармен аталған тапсырманың байланысы. Жалпы тапсырма (фаза, summary task)- бірнеше тапсырмалардан тұрады. Фаза нәтижесі оған енгізілген тапсырмалардың нәтижелерін сипаттайды (жинақтайды). Кезең (milestone)- жоба үшін нәтиже жетістігі айтарлықтай маңызды болатын тапсырма. Кезең фазаның соңғы тапсырмасы бола алады. Әдетте, кезең жобаның негізгі этаптарының аяқталуын белгілеу үшінқолданылады. Еңбек шығындары (work)- тапсырмалар үшін: тапсырмаларды орындауға арналған ресурсқа (орындаушыға) қажетті жұмыс көлемі (бірлік жұмыс уақытында). Тапсырманың ұзақтығы (duration)- тапсырманы орындау үтттін жоспарланған уақыт. Тәуелділіктер және байланыстар - бір тапсырманыңекіншісіне қалай эсер ететінін көрсете отырып, олардың арасындағы байланыс логикасын анықтайды. Міндеттеме құны =бекітілген тұрақты ресурс құны. Еңбек ресурстары - адамдар, ғимараттар және құрал-жабдықтар. Материалдық ресурстар - материалдар және шикізаттар. Олар тапсырманы орындау кезінде толығымен пайдаланылады және тапсырма аяқталғаннан кейін басқа тапсырмаларды орындау үшін қол жетімді болмайды. Бірлік ресурстар - жеке тұлғалар немесе құрал-жабдықтар. Топтық (біріккен) ресурстар - бірдей немесе өзара ауыспалы ресурстар жиынтығы. 126
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==