Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару
10 ЖОБА БОЙЫНША ЕСЕП БЕРУ 10.1 Жұмыстық жоспарлау Басқару - бұл бөлшектеу, талдау, амалдар ретін анықтау, жүйелеу, нақты іске асыру. Басқару төменгі деңгейге бағытталады: мұны қалай жақсы жолмен жасауға болады?Басшылықтың бұл құзыреттілігітаңдалған жол бойындағы қозғалыс тиімділігін анықтайды. Әдетте, бағдарламашылықтан бастап келген басшылар ешқандай қиындықсыз қажетті басқару дағдыларын меңгере алады. Жоба жоспарлау сатысында құрылған негізгі кесте макродеңгейде істің жай-күйін бақылау үшін бағдар ретінде қызмет етеді. Жобаны жедел басқару үшін жұмыс жоспары қолданылады. Жұмысты жоспарлау «жылжымалы толқын» әдісімен орындалу ұсынылады: қысқа мерзімде жүргізілуі тиіс жұмыс, ол ең төменгі деңгейде егжей-тегжейлі жоспарланады, және болашақта орындалатын жұмыс салыстырмалы түрде жоғары деңгейде жоспарланып отырады. Қарапайым жұмыс, әдетте, бағдарламалық қамтамасыз ету өніміне жеке функционалдық талап, немесе бизнес талдаушысы, жобалаушы, өңдеуші, тестілеуші және құжаттанушы ретімен жұмыс жасайтын өзгерістерге сұраныс болып саналады. Әрбір орындаушының қарапайым жұмысының еңбек сыйымдылығы 4 адам*сағ-тан 20 адам*сағ-қа дейін болуы тиіс. Тапсырманың еңбек сыйымдылығы осы шектеуге сәйкес келмесе, онда жұмысты бөлшектеп байланыстыру(декомпозиция) арқылы жүргізуге тура келеді. Жұмысты жоспарлау үшін тапсырмаларды басқару жүйесін пайдалану қолайлы болып табылады. Өйткені ол тапсырмалардың бір орындаушыдан екіншісіне өту ретін беруге, жұмыс басымдығын басқаруға және олардың талдау, жобалау, кодтау, тестілеу, құжаттау сияқты статустарын орынды қадағалауға бақылауға мүмкіндік береді. Жұмыс тек талаптардың орындалуы тексеріліп, құжатталған кезде ғана толық аяқталды деп саналуы тиіс. Жоба командасының кәсіби шеберлік деңгейіне байланысты жұмыстарды үлестіру әрбір тапсырманың орындалуын бақылаумен және қатаң түрде мерзімдер көрсетумен жүзеге асырылуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл өкілеттілік орындаушы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл жағдайда, олар тапсырмаларды басымдықтарына сәйкестендіріп рет ретімен таңдауға мүмкіндіктері болады, ал орындалуы үнемі кездесулерде талданып отырады. Барлық команданың жобалық статусы бойынша апта сайын жиналыс ұсынуға болады немесе жоба көлемі үлкен болған жағдайда оның негізгі қатысушыларының, яғни ішкі кіші жобалардың жетекшілерін және командалардың көшбасшыларының қатысуымен 118
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==