Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару

Сурет 60. Ағымдағы және базалық жоспарды ұсыну нәтижесі Жобаны орындаудағы басқару процестері. Жобаны орындауды басқару мынадай процестерді қамтиды: 1. Деректерді енгізу және ауытқуларды талдау: а. Жобаны қадағалауға дайындау б. Нақты мәліметтерді енгізу c. Бастапқы жоспардан ауытқуларды анықтау d. Жиынтық қысқаша есептерді алу. 2. Еңбек шығындарын бақылау және мерзімдерді басқару а. Орындалған жұмыстардың көлемін бақылау б. Шығындарды талдау құралдары c. Кестеден ауытқуларды жою және бағалаудан асып кету d. Жобаның орындалуын аяқтау 3. Бірнеше жобалар арасында ресурстарды бөлу а. Бірнеше жобамен бір уақытта жұмыс істеу б. Әртүрлі жобалардың тапсырмаларын байланыстыру с. Жобалар арасында ресурстық қор және ресурстарды бөлісу 4. Топтық жұмысты қолдау құралдары а. Жобадағы ақпарат алмасу б. Хабарларды жіберу және алу c. Жұмыс тобындағы тапсырмаларды бөлу d. Жобаның жәй-күйін басқару e. Хабарлама тарату ережелерін баптау. Жобаны қадағалау нақты деректерді енгізу және бастапқы жоспардан ауытқуларды жою процесі болып табылады.Бұл көптеген жолдармен жасалуы мүмкін. Ең ыңғайлы әрі қолайлы жолы Гант диаграммасы көрсетілімінде қадағалау кестесін пайдалану болып саналады. Тапсырманы жаңарту диалогтық терезесінде, жобаны жаңарту диалготық терезесінде және Жоспарлау-График бойынша-Тапсырмаларды жаңарту тобында Тапсырмалар қосымшасының командаларының көмегімен жүзеге асырылады. 111

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==