Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару
ашу керек, және де ресурстар тізіміне шолу жасай отырып Remaining Availability (Қалған қолжетімділік)өрісінің мәніне көңіл аудару керек. Сурет 58. Жұмыс уақытын өзгерту Бір ресурсты басқа бір ресурспен ауыстыру үшінAssign Resources (Ресурстарды тағайындау) терезесінде ауыстыруға қажет ресурсты таңдап, Replace (Ауыстыру) батырмасын басу жеткілікті. Replace Resource (Ресурсты ауыстыру) диалогтық терезесінде With (бірге)тізімінде алмастырушы ретінде тағайындалатын ресурсты таңдау керек. Жеке міндеттемелер мен тапсырмаларды кейінге қалдыру. Егер ресурстың қолжетімділігі бір уақытта бірнеше тапсырманы жоспарлау нәтижесінен асып кетсе, кейбір тапсырмаларды немесе міндеттемелерді кейінге қалдыру керек. Міндеттемелерді бірнеше жолдармен кейінге қалдыруға болады: • Delay (кідіріс)тапсырма өрісі арқылы. Тапсырманың басталуындағы кідіріс міндеттемені кейінге қалдыруға алып келеді; • Assignmemt Delay (міндеттемені кідірту)өрісі арқылы. Жеке ресурстың міндеттемесінің басталуын кейінге қалдыру; Жеке міндеттемелерді және тапсырмаларды тоқтату. Егер жоба барысында тапсырмалар бір-біріне қабаттасыпжатса және нәтижесінде ресурстың артық қолжетімділігі пайда болса, онда міндеттемелер мен тапсырмаларды тоқтату қажеттілігі туындайды. 102
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==