Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару
қолмен теңестіре отырып қабылданатын шешімдер MS Project шешімдеріне қарағанда әлдеқайда тиімдірек болуы мүмкін. 8.3 Ресурстық жүктемені қолмен теңестіру MS Project бір ғана стратегияны, атап айтқанда міндеттемелерді кідірту және тапсырмаларды кейінге қалдыру стратегияларын қолданатын ресурстар жүктемесін автоматты түрде теңестіруден айырмашылығы, ресурстардың жүктемесін қолмен теңестіру кезінде бірнеше тәсілдерді немесе стратегияларды қолдануға болады. Солардың кейбірі келесі тәсілдер: 1. Ресурстың қол жетімділігін арттыру: oресурстың қолжетімділігіндегі параметрлердің өзгеруі; о ресурс үшін үстеме жұмыс уақытын жоспарлау; оресурс күнтізбесінде қол жетімді уақытты арттыру. 2. Ресурсқа жүктемені төмендету: o ресурс жүктемесінің бөлігін басқа ресурстарға міндеттеу; ожеке міндеттемелерді кейінге қалдыру; отапсырмаларды кейінге қалдыру; ожеке міндеттемелерді тоқтату; о тапсырмаларға үзіліс жасау; Ресурстың қолжетімділігін арттыру. Ресурстың қолжетімділігі параметрлерін түзету. Ресурстың қол жетімділігін арттыру үшін келесі параметрлерді өзгертуге болады: • Ресурс қолжетімді болған кезде уақыт аралығын ұлғайту; • Қажетті уақыт аралығында қолжетімді ресурстардың бірлік мөлшерін арттыру. Бұл өзгерістер Resource Availability (Ресурстың қолжетімділігі) кестесінің Resource Information (Ресурс туралы мәліметтер)терезесіндегі Available To (Қол жетімді) жәнеШ^ (Бірліктер) сәйкесінше бағандарындажасалады. 99
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==