Аманова Г.Д. Басқару есебі

■ көрсеткіш сатуға арналған шығыстар есебімен ссептеледі, ал екіншісі - бұл шығыстардың есебінсіз есептеледі. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін «директ-костинг» әдісімен 8410 «Үстеме шығыстар» шоты бойынша мәліметтерді пайдалану дәлме-дәл қорытынды бере бсрмейді. Осы әдіс бойынша өнімнің өзіндік қүнының ең дәл көрсеткішін есептеу үшін, жалпыөндірістік шығыстардың күрамынан нақты ауыспалы жалпыөндірістік шығыстарды бөліп алу қажет, сосын оларды жиынтық ауыспалы шығындарды анықтау үшін тура ауыспалы шығыстарға жатқызу керек. 8410 «Үстеме шығыстар» шоты бойыпша есепке алыпатын ауыспалы өндірістік үстсмс шығыстар туралы мәліметтер алу үшін, компанияның есептік саясатында олардың шоты бойынша, 8410-1 «Ауыспалы жалпыондірістік үстеме шығыстар», 8410-2 «Түрақты жалпыөндірістік үстеме шығыстар» сияқты қосалқы шоттар қарастырылған. Бірінші қосалқы шотта, өнімді шығарудың нақты түріне тікелей қызмет көрсететін машиналар мен жабдықтарды ұстау және пайдалану бойынша шығыстардың бір бөлігін, пайдаланылған отын құнын, энергияның барлық түрлсрін, жағар материалдарды, жабдықтар мен көлік құралдарын ағымдағы жөндеу бойынша шығындарды, жүктерді ішкізауыттық ауыстыру, т.б. бойынша шығыстарды ескеру қажет. Екінші қосалқы шотта, машиналар мен жабдықтарды үстау және пайдалану бойынша шығыстардың, барлық өндірістік құрылымға қызмет корсстегін және өндіріс көлеміне тәуслді емес бір бөлігін, сондай-ақ соңынан онімнің түрі бойынша қайта белуге жататын ұйымның қүрылымдық бөлімшелерімсн қызмет корсету, ұйымдастыру, баскару бойынша баска да қалған шығыстарды есепке алады. 8410 «Үстеме шығыстар» шотының бірінші және екінші косалқы шоттарында есепке алынатын нақты шығыстар тізбесі құрылымдық бөлімшенің және жалпы компания қызметінің барлық ерекшеліктерін ескере отырып, анықталады. Есепті кезеңнің соңында, ауыспалы жалпыөндірістік үстеме шығыстар транзиттік бір элемснтті 8114 «Ауыспалы жалпыөндірістік үстеме шығыстар» шотына жазылып, «директ-костинг» әдісі бойынша ауыспалы шығыстаржың баптарына кіргізілсді, ал түрақты жалпыөндірістік шығыстар, ол әдіс бойынша маржиналды кіріске кіреді. 169

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==