Аманова Г.Д. Басқару есебі
• жұмысшыларға, салык органдарына берілуі тиіс сомаларды тіркеумен байланысты және зейнетақы қорына, жасалған жұмыстарға төлеуге жататын жалақыны есептеу. Өндірістік еңбек шығындарының есебін жүргізу үшін мазмұны бойынша, әрекет ету мерзімінің нысандары әртүрлі, көптеген бастапқы есептік қүжаттар бар. Мысал рстінде тапсырыстың есептік карточкасын айтуға болады, онда нақты жұмысқа (тапсырыс) жүмсалған шығындар, жұмысшылар жүмыс істеп болған уақытты көрсететін жұмыска келіп-кету табелі есепке алынады. 2) Бос түрып қалу, үстеме жұмыстарды, сыйақыларды есепке алу. Бос жұмыс уакыты немесе бос түру уакыты - бүл өнімді болып табылмайтын, төленуте жататын уакыт. Түзетуге келетін бос түрып қалу, жоспарлауды жаксартқан кезде болдырмауға болатын жағдайлар салдарынан туындайды. Ондай бос түрып қалулар бойынша шығыстар өнімнің өзіндік қүнына кіргізілмей, пайдалар мен зияндар шотына шығынға жатқызылуы тиіс. Бос түрып қалуларды болдырмауға болатыи негізгі жағдайлар мыналар: • өндірістік процестің тоқтауы (жабдықтың бұзылуы, коймада материалдың жетіспеуі, жоспардың озгеруі); • басқарушылық шешімдер (бұйымның техникалық сипаттамаларын өзгерту, қоймада материалдың жетіспеуі, жоспардың өзгеруі). Болмай қалмайтын бос тұрып қалулар кәсіпорын тарапынан бақыланбайтын жағдайлар болып табылады. Кәдімгі жүмысшы жағдайлардан немесе сыртқы факторлардың әсерінен туындайды, мысалы, өнімге сүраныстыц төмендеуі, өндіріс үшін айтарлықтау жеткізуді қамтамасыз ететін Өнім берушіде болып жатқан көтеріліс, т.б. Мүны өнімнің өндірістік өзіндік кұнына жатқызатын бір бөлігі ретінде карауға болады. Мерзімнен тыс уақыт- бүл белгілі бір кезеңге белгіленген жүмыс уақытынан артық төленетін уақыт. Нсгізгі жүмысшылар үшін мсрзімнен тыс уақыт қажсгтілігі келесі себептер бойынша туындауы мүмкін: өндіріс процесінде толық істелмеген уақытты толтыру; бастапқыда жоспарланған онім санын үлғайту. 158
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==