Аманова Г.Д. Басқару есебі

Жұмысшы күшіне шығындарды есепке алу мақсаты - барлық жұмысшылардың қызметтің әр түріне жүмсаған уакытын жеке тапсырыс карточкасында немесе табельде белгілеу және тиісті сағаттық мөлшерлеме қолдану. Өндірістік еңбек шығындарының есебін жүргізу үшін мазмүны бойынша, әрекет ету мерзімінің нысандары әртүрлі, көптеген бастапқы есептік құжаттар бар. Оған мысал ретінде тапсырыстың ессптік карточкасын айтуға болады, онда нақгы жүмысқа (тапсырыс) жүмсалған шығындар, жұмысшылар жүмыс істеп болған уакытты көрсететін жұмысқа келіп-кету табелі есепке алынады. Тапсырыстың есептік картасы дегеніміз - ол нақты жұмысқа жұмсалған уақытты жазу. Негізі, ол жүмысшы күшінің қүнын көрсетеді. Уақытты тіркеудің дәлдігін камтамасыз ету үшін, мүмкіндігінше хронологиялық карталарды пайдалапу үсынылады. Жұмыска келіп-кету табелі болса - қызметкср жұмыс уақытын неге жұмсағаны туралы жазу. Жүмыска келіп-кету табелі, тапсырыстың жеке есептік картасы сияқты дәл емес, өйткені жеке есептік карта нақты бір операция аяқталған бойда тез арада кецсеге қайтарылуы тиіс. Жұмысқа келіп-кету табелін қолданғанда бос болған жұмыс уақыты толықтай ашылмай қалуы мүмкін. 1) Тура және қосалқы еңбек. Тура жалакы, өнімді дайындаумен оңай байланыстыруға болатын өндірістік еңбек шығындарына жатады. Өндірістік тура еңбекке нақты тапсырысты орындаумен байланысты өндірістік желідегі, жинақтау конвейеріндегі жүмысшылардың еңбегін жатқызуға болады. Тіке өнімді дайындаумсн байланыстыруға болмайтын еңбек бойынша шығындар косалқы немесе жанама еңбек деп аталады. Оларды өпдірістік үстеме шығыстарға жатқызып, сосып тиісті мөлшерлеме бойынша өнімге бөледі. Басқа жағдайларда жанама жалақы есепті ксзеңнің шығыстары болып есептеледі және пайда болу шамасына қарай пайдалар мен зияндар шотына шығынға жатқызылады. Жанама еңбекке цехтардың бастықтарының, бригадирлердің, инженерлік қызметкерлсрдің, күзетшілердің және цех тазалаушылардың жалақысын жатқызуға болады. Жұмысшы күшіне шығындарды есепке алу келесі бағыттар бойынша жүргізілуі мүмкін: • жеке операциялардың қүнына және үстеме шығыстарға жатқызу кажет жүмысшы күшіне шығындарды есепке алу; 157

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==