Тіршілік қауіпсіздік негіздері

ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІК НЕГІЗДЕРІ Мысалы, ауадағы шаң бұл вулканның атқылауының салдарынан, топырақтың желді эрозиясынан, өніріс орындарының шығарған шығарындылары әсерінен пайда болады. Табиғаттағы улы жэне қауіпті факторлар мынадай топтарға бөлінеді: физикалық фактор, химиялық фактор, биологиялық жэне психофизикалық факторлар. Физикалық улы жэне қауіпті факторларға мыналар жатады: • Машина қозғалысы жэне механизмі, қозғалмалы қүрылым бөлшектері, тұраксыз құрылымы мен табиғи түзілу; • Өткір жэне құламалы құралдар; • Ауа температурасы мен табиғи жамылғының температурасының жоғарылауы мен төмендеуі; • Шаң мен газдың жоғарылауы; • Шудың, акустиканың, вибрацияның деңгейінің көтерілуі; • Барометрлік қысымның жоғарылауы немесе төмендеуі; • Иондық сәулелену деңгейінің жоғарылауы; • Адам денесіне сіңіп қалуы мүмкін қысым тізбегінің жоғарылауы; • Электромагниттік сэулеленудің, ультркүлгін жэне инфрақызыл радиацияның дэрежесінің жоғарылауы; • Жарық сәулесінің жетіспеуі немесе шагылысу деңгейінің төмендеуі; • Жарықтың жарқырауы, шағылысу дәрежесі, пульсінің жоғарылауы; • Жұмыс жасау орнының биікте орналасуы. Химиялық қауіпті жэне уытты факторларға жататындар: технологиялық процестерге пайдаланылатын өндірістік улы заттар, ауылшаруашылығында жэне түрмыста қолданылатын улы химикаттар, дэрілік заттар, соғыс жағдайында пайдаланылатын уытты заттар. Химиялық қауіпті жэне уытты факторлар адам организміне қалай түсетіндігі жөнінен жэне калай эсер ететіндігі жөнінен бөлінеді. Биологиялық улы жэне қауіпті факторлар мыналар: • Ауру туғызушы микроорганизмдер (бактериялар, вирустар, микроорганизмдердің ерекше түрлері - спирохеттер мен реккетсиндер, саңырауқүлақтар) жэне олардың коректенетін азықтары. ~ 57 ~

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==