Тіршілік қауіпсіздік негіздері

ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІК НЕГІЗДЕРІ Ашык жүйелер - коршаған ортадағы барлық ағындармен алмасады, жабык жүйелер - тек ақпаратпен алмасады, окшауланған жүйелер - ешқайсымен де алмаспайды. Ашық жүйелер тең салмақты жэне бес сипатты болып келуі мүмкін, олар өзінің босаған энергиясын үздіксіз таратып отырады (соның ішінде қоршаған ортаға бөлінетін жылу) жэне белгілі жағдайларға байланысты өзін-өзі ұйымдастыруға қабілеттілігі — қайта құруға жэне өзінің құрылымын күрделендіруге қабілетті. Жүйенің күрделілігі. Үлкен жүйенің ерекшелігі оның үлкен өлшемі болып табылады, ол оны элементтерді кейіннен біріктіру (үлкейту) арқылы алдын ала ыдыратусыз зерттеуге мүмкіндік бермейді. Күрделі жүйелерге тэн қасиет эртүрлі текті элементтер көп болады, сонымен бірге оларды сипаттауға арналған ресурстар жетіспейді. Жалпы алғанда үлкен жэне күрделі жүйелердің негізгі касиеттері: • Бірегейлік (егер дэл осындай жүйе болған күннің өзінде де, олардың арасындагы айырмашылық өте көп); • Көп сатылы кұрам (иерархиялык кұрам); • Әртүрлі факторлардың әсеріне жауап беру жэне функцияланудың кездейсоқ сипаты; • Жағдайға баға берудің көп критериалдылығы; • Әлсіз кұрылым жэне пайда болатын бөлшектердің алуан түрлілігі. Техносфера, сонымен катар оны кұраушы бөлшектер сөзсіз гетерогенді, күрделі, динамикалық, күрделі морфологиялық ашық жүйелер болып табылады. 1.2.2. Техносферадағы кауіпсіздік өлшемдері мен параметрлері. Техносфераның және оның жеке компоненттерінін негізгі қауіптіліктерінің түрлері, көздері Еңбек қауіпсіздігі жэне күрделі жүйелердің сапасына жүргізген зерттеулер корытындысы бойынша неғұрлым талаптарға сай келетіндер мүмкіншілік көрсеткіштері болып табылады. Эрине, бұл аталған көрсеткіштер тобы күрделі жүйелердің интегралды сипаттарының сапасы болып табылады, мұнда көп жағдайда ереже бойынша стохастикалык сипат басым ~ 25 ~

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==