Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

бөлінбейді , цехтар аумағы біріктірілуі мүмкін. Яғни , шағын тігін кәсіпорындарында, әдетте, цехсіз құрылым пайдаланылады . Цехтар технологиялық үрдістің біртектілігі бойынша (тігін, эксперименттік, дайындық, пішу цехтары), объект белгісі бойынша (ерлер шалбарларын дайындауға арналған тігін шеберханасы) немесе аумақтық - ұйымдастырушылы белгі ( жөндеу - механикалық, ағаш, энергетикалық , паросил цехтары) бойынша бөлінеді. Тігін өндірісінің барлық ғимараттары тағайындалуы бойынша өндірістік, қосалқы өндірістік және көмекші болып бөлінеді. Өндірістік ғимараттар цехтарға ( эксперименттік, дайындық, пішу , тігін) және қоймаларға (дайын бұйымдар қоймасы, фурнитуралар , жіптер, шикізаттар , жылытқыштар , үлбірлер және т.б.) бөлінеді . Жеңіл әйелдер мен балалар киімдерін өндіруге арналған тігін өндірісі мамандандырылған кезде, өңдеу және кестелеу цехы, сырт киім өндірісінде – желімдеу, үлбір тігу, мақталы цехтар және т.б белгіленуі мүмкін. Қосалқы - өндірістік ғимараттарға ( тері илеу , мақталы, ширпотребтар, паросилді, қуатты, жөндеу - механикалық) цехтар және қоймалар (материалдық, құрылыс, жанар - жағармай материалдары және т.б.) жатады. Барлық өндіріс және қосалқы - өндіріс орындары тігін кәсіпорынының өндірістік ғимаратында орналасуы керек. Кейбір қоймалар ерекшеленеді . Көмекші ғимараттар (әкімшілік және шаруашылық) өндірістік ғимаратта немесе әкімшілік ғимаратта орналасуы мүмкін. Тігін кәсіпорынының құрылымы 4.1 - суретте көрсетілген . Цехтағы өндіріс схемасын таңдау кәсіпорынның мамандануына, техникалық жабдықталуына, қуатына байланысты. Тігін цехтарында үш өндіріс схемасы бар: - жұмыстың аяқталған технологиялық циклімен; - жұмыстың аяқталмаған технологиялық циклімен. - фабрикалар - ағындар . Жұмыстың аяқталған технологиялық циклі бар тігін цехтарында , тігін бұйымдарының жекелеген бөлшектерін және құрастыру түйіндерін өңдеуден бастап және бұйымның соңғы ылғалды жылумен өңдеуімен аяқталатын барлық операциялар тігін цехының технологиялық ағынында өндіріледі . Жұмыстың аяқталмаған технологиялық циклі бар тігін цехтарында желімдеу , кестелеу немесе соңғы ылғалды жылумен өңдеуге байланысты операция топтары олардың шегінен тыс шығарылады, яғни дербес болып табылады. Сонымен қатар, тігін цехтарынан жекелеген бөлшектерді өңдеуге, өңірлік немесе

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==