Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

4 ТІГІН КӘСІПОРЫНЫНЫҢ АЛДЫН - АЛА ЕСЕБІ Тігін кәсіпорынын алдын - ала есептеу кәсіпорынның оңтайлы құрылымын таңдау және өндірістік ғимараттың көлемін белгілеу мақсатында жүзеге асырылады. Алдын - ала есептеу ірілендірілген көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Алдын - ала есептеудің кезеңдері: 1 Тігін өндірісінің кәсіпорынының құрылымын және бөлімшелер арасындағы өзара қарым - қатынасты орнату . 2 Кәсіпорынның тігін цехтарындағы өндіріс схемасын таңдау. 3 Тігін цехтарын алдын - ала есептеу. 4 Эксперименттік, дайындау , пішу цехтарының және дайын өнім қоймасының аудандарын есептеу. 5 Өндірістік ғимараттың типін, өлшемдерін және қабаттарының санын таңдау . 6 Негізгі өндірістік цехтар мен учаскелердің сатылық жоспарының схемасын дайындау . 7 Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын нақтылау . 4.1 Кәсіпорын құрылымын және бөлімшелер арасындағы өзара байланысты белгілеу. Тігін цехтарында өндіріс схемасын таңдау Өндірістік құрылым – кәсіпорынның цехтың өндірістік - шарушылық жағынань дербеске бөлінуінің қабылданған жүйесі. Кәсіпорын құрылымы цехпен немесе цехсіз болуы мүмкін. Өндірістік құрылым кәсіпорынның қуаттылығымен, өнімнің ассортименті, өндірістің мамандану дәрежесі, технологиялық жабдықтанудың деңгейі және басқа факторлармен анықталады. Әдетте, тігін кәсіпорындарында цех құрылымы пайдаланылады. Шағын кәсіпорынның орта және ірі тігін кәсіпорындарынан айырмашылығы, тек қана тігін цехы бөлінеді, эксперименттік цех және әрлеу бөлімі, дайындық және пішу цехы құрылымдық бөлімшеге

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==