Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

3.2. Құжат айналымы схемасын дайындау Құжаттардың қозғалыс тәртібін белгілеу немесе ұйым құжаттамасын басқару - қажетті құжаттарды сақтауды, оның жылдам іздестіруін және тұтынушыларға белгіленген уақыт кезеңінде және ең төменгі шығынмен жеткізу жағдайларды жасауға негізделген. Осылайша, басқару құжат айналымын ұйымдастыруды, орындаушылардың жеке жұмыс істеу технологиясын, ұйым құжаттары бойынша ақпараттық - іздеу жүйелерін құруды, олардың орындалуын бақылауды қоса отырып қамтиды . Құжат айналымы немесе ұйымдағы құжат айналымының тәртібін келесі топтарға бөлуге болады : кіріс құжаттары, бұл сырттан келіп түсетін, жүйеде қалыптаспаған құжаттар; шығыс құжаттар, бұл жүйеде қалыптасатын және одан тыс шығатын құжаттар; және ішкі құжаттар, бұл жүйеде қалыптасатын және оның шегінен асып кетпейтін , оның ішінде жұмыс істеу үшін ғана қызмет ететін құжаттар . Кәсіпорынның құжат айналымын жалпы жүйе ретінде қарастырғанда, кіріс ақпарат ретінде келесі құжаттама болады : 1 Конструкторлардың жұмыс жоспары (ТО - дан кіріс) 2 Өлшем - бой сәйкестігінің шкаласы (ТО - дан кіріс) 3 Техникалық тапсырма (ТО - дан кіріс) 4 ОСТ 17 -325-81 «Тігін, трикотаж, үлбір бұйымдары. Әйелдердің типтік фигуралары. Киімді жобалауға арналған өлшем белгілері.» (кіріс) 5 ОСТ 17 -325-86 «Тігін, трикотаж, үлбір бұйымдары. Ерлердің типтік фигуралары. Киімді жобалауға арналған өлшем белгілері» (кіріс) 6 Өндірісті кварталға дайындау графигі (ТО - дан кіріс) 7 МеМСТ 41031 - 82 «Сапаны бақылау әдістері» (кіріс) 8 Есеп — фактура (ТО - дан кіріс) 9 Орам тіркесімі ( мата орамымен бірге кіріс ) 10 Сериялық есеп картасы (ТО - дан кіріс) 11 Төсемге арналған есеп картасы ( (негізгі, астар, аралық)ТО - дан кіріс) 12 Сұрыптауға және өлшеуге арналған нұсқаулық карта (кіріс) 13 Орамдарды есептеуге арналған нұсқаулық карта (кіріс) 14 Конфекционерлеуге арналған нұсқаулық карта ( кіріс ) 15 МеМСТ 16958 - 71 «Текстиль бұйымдары . Күтім бойынша белгілеулер» (кіріс ) 16 МеМСТ 25652 - 83 «Киімге арналған материалдар . Күтім әдістеріне арналған жалпы талаптар» (кіріс ) 17 Маркетинг бөлімінің номенклатуралы анықтамасы (ТО - дан кіріс) 18 МеМСТ 10581 - 91 «Тігін және трикотаж бұйымдары. Таңбалау , орау, тасымалдау және сақтау» (кіріс )

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==