Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

3.1.5 Пішу цехының құрылымдық - ақпараттық үлгісі Пішу цехының құрылымдық - ақпараттық үлгісінде, дайындық цехынан барлық кіріс ақпараттарымен бірге, матаны қабылдау , матаны төсеу, төсемнің бөлінуі (рассекание) және кіріс ақпараты сияқты ішкі ақпаратты пайдалану кезінде қима бөлшектерін кесу жүргізілетін, төсемнің және мата пішудің шағын жүйесін белгілеуге болады, 1- 6 блоктар (3.4- сурет). Бірінші шағын жүйеде жиналған ақпарат, пішу цехының екінші шағын жүйесіне арналған кіріс ақпараты, бірақ пішу цехының ішінде аралық ақпарат болып табылады . Екінші шағын жүйе , онда пішім бөлшектермен жұмыс, пішім бөлшектерінің нөмірленуі, желімденуі, пішім бөлшектерін жиынтықтау және оларды сақтау, сондай - ақ, прейскурантты пен калькуляциондық белгілерін басып шығару жұмыстары жүргізілетін, 6 блоктан 7-12 тұрады (3.4 - сурет). Пішу цехының ішінде пайда болған ақпарат , егер ол шығыс болса, онда негізінде тігін цехына түседі. Осылайша, тігін өндірісінің құрылымдық - ақпараттық моделінің жүйелі талдауы арқылы , пішу цехында орындалатын жұмыстардың тізбесі мен бірізділігі анықталды , осылайша осы шағын жүйеде шешілетін тапсырмалар жиынтығы негізделген. 3.1.6 Тігін цехының құрылымдық - ақпараттық үлгісі Тігін цехының құрылымдық - ақпараттық үлгісінде үш кіші жүйені атап өтуге болады, еңбек бөлінісі, пішу цехынан пішімдерді алу және пішім бөлшектерін ағынға жіберу, еңбек бөлінісі, пішу цехынан матаны қабылдау, ағындағы жұмысты жұмысшылардың нақты санына байланысты қайта бөлу және кіріс ақпараты сияқты ішкі ақпаратты да қолдану кезінде, пішімді ағынға жіберу орындалатын, 1- 3 блоктар (3.5- сурет). Бірінші шағын жүйеде жиналған ақпарат , тігін цехының екінші кіші жүйесі үшін кіріс ақпараты, бірақ цех ішінде аралық ақпарат болып табылады . Екінші шағын жүйе дайындау секциясында пішім бөлшектері бойынша жұмыс жүргізіледі, әрі қарай бұйымды жинау, соңғы ЫЖӨ және дайын өнімнің сапасын бақылау жүргізілетін, 5 блоктардан 4-8 тұрады (3.5 - сурет) . Үшінші шағын жүйе 3 блоктардан 9-11 тұрады (3.5 - сурет) және бірінші шағын жүйенің ақпаратын пайдаланады. Тігін цехының ішінде пайда болған ақпарат, егер ол шығыс ақпараты болса, негізінен дайын өнім қоймасына келіп түседі. Тігін цехының негізгі міндеті 3 - 8 блоктарда шешіледі. Осылайша, тігін цехында орындалатын жұмыстардың тізбесі мен бірізділігі анықталып, соның негізінде осы шағын жүйеде шешілетін міндеттер негізделді [7, 10 ].

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==