Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

олардың сәнге сәйкестігі анықталатын, көркемдік кеңесінде бұйымдардың үлгілерін бекіту. Осы шағын жүйенің үлгілерге, лекалдарға және т.б. конструкторлық құжаттар түріндегі шығыс ақпараттары – эксперименттік цехтың келесі шағын жүйесінде - өндірісті технологиялық дайындауға арналған кіріс ақпарат болып табылады . Сондықтан, осы шағын жүйенің басталуы құрылымдық модельде айқын белгіленген (10 - блок – техникалық құжаттамаларды жасау). Екінші шағын жүйенің жұмысының жоғарыда аталған мақсаттарына сәйкес одан әрі технологиялық ақпаратты белгілеу керек. Киім өндірісі бойынша жұмыстың бірізділігін анықтаған кезде, техникалық құжаттамалардан (блок 10) басқа, лекал градациялауды жүргізу, көмекші лекалдарды жасау, материалдар шығынын нормалауды жүргізу және эксперименттік жаймаларын орындау 11-14 блоктар қажет (3.2 сурет). Шағын жүйенің мақсатында көрсетілген шығындарды азайту талабына сәйкес, осы бастапқы ақпарат негізінде, оны өңдеу жолымен үлгінің өзіндік құны туралы екінші ақпарат алу керек (14- блок). Осылайша, өндірісті технологиялық дайындаудың кіші жүйесінің жұмыс істеуіне қойылған мақсаты 9- 14 блоктарда жазылған жұмыстарды орындау кезінде қол жеткізілетін болады (3.2 - сурет ). Осылай, тігін өндірісінің құрылымдық - ақпараттық моделінің жүйелі талдауы арқылы эксперименттік цехте орындалатын жұмыстардың тізбесі мен бірізділігі анықталды, осылайша осы шағын жүйеде шешілетін міндеттердің жинағы негізделді. 3.1.4 Дайындық цехының құрылымдық - ақпараттық үлгісі Дайындық цехының құрылымдық - ақпараттық үлгісінде 3.3- суретте ұсынылған , онда матаның қабылдануы, оны сақтау, орау және өлшеу жүзеге асырылатын, матаның қабылдануының және оның өлшенуінің шағын жүйесін атап өтуге болады (1- 5 блоктар). Бірінші шағын жүйеде жиналған ақпарат, дайындық цехының екінші шағын жүйесіне арналған кіріс ақпараты , бірақ дайындық цехының ішінде аралық ақпарат болып табылады . Екінші шағын жүйе 3 блоктан тұрады 6-8 ( 3.3 сурет), онда орамдарды есептеу және материалдарды конфекционерлеу орындалады. Дайындық цехының ішінде қалыптастырылған, бірақ басқа бөлімшелердің жұмысына арналған ақпарат, шығыс ақпараты болып табылады. Дайындық цехының негізгі міндеті 4 - 7 блоктарда шешіледі (3.3 сурет). Тігін өндірісінің құрылымдық - ақпараттық үлгісінің жүйелі талдауы арқылы, дайындық цехында орындалатын жұмыстың тізбесі мен бірізділігі анықталды, осылайша осы шағын жүйеде шешілетін міндеттер жинағы негізделді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==