Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

Ақпараттық үлгі әр шағын жүйедегі ақпараттың өзгерісін, жүйе ішіндегі сияқты, олардың арасында да ақпарат ағынын сипаттайды. Ақпараттық үлгілеу жүйелік - құрылымдық зерттеудің негізгі әдістерінің бірі болып табылады, ол кезде субъектінің ақпаратын қабылдайтын спецификадан ауытқиды және мағыналық жағын да, жүйедегі ақпараттың сандық сипаттамасын да ескереді. Оның көмегімен барлық жүйенің немесе кіші жүйелердің жұмыс істеуі үшін қажет ақпараттың жеткіліктілігін немесе артықшылығын анықтауға, ақпарат жинақталатын және түрленетін, кіші жүйелердің негізгі элементтерін анықтауға, ақпарат ағындарын үйлестіруге, олардың көлемін анықтауға, қайталауды жоюға осылайша өндірісті басқаруда жақсартуға болады. Басқарудағы бұл жақсаруды тек көлемді формальды қысқарту әрекеті , ақпарат көрсеткіштерінің саны және соның салдарынан қызметшілер санының азаюы ретінде түсінбеу керек. Бұрын осы соңғысы негізгі болып саналды, бұл ақпараттық үлгі арқылы , басқаруды жаңғырту мақсатын көрді. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, қызметкерлер санының азаюы өте маңызды мәселе болып табылса да, бұл кәсіпорын басқаруды жетілдірудің тиімділігін бағалаудың басты критерий бола алмайды. Басты критерий басқарудың түпкі мақсатына байланысты болуы керек. Көптеген қабылданатын шешімдердің, әсіресе технологиялық шешімдердің мақсаты, оның жұмыс істеуін сипаттайтын белгілі бір (немесе белгіленген шектерде) технико - экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу үшін өндірістік процеске бағытталған әсерде болып табылады. Ақпараттың ағындары көрсеткіштердің ауытқуын берілген деңгейден анықтауға, осы ауытқулардың себептерінің сапалы талдауын беруге және өндірістік процесті түзету туралы басқарушының шешім қабылдауын негіздеуге мүмкіндік беруі тиіс. 3.1.2 Құрылымдық - ақпараттық үлгінің мәні Осылайша, құрылымдық - ақпараттық модельдеу өндіріс процесінің құрылымын және ақпараттың өндірістің ішіндегі өзгерісін көрсетеді. Ішкі жүйелердің құрамын және оларды жобалау тәртібін анықтайды және кіші жүйелерде және олардың арасындағы ақпарат ағынын сипаттайды. Мәселен, тігін өндірісінің конструкторлық дайындығының кіші жүйесі орындайтын тапсырманы сәннің қазіргі заманғы бағытына сәйкес қажетті ассортиментті және регламенттелген сападағы киім шығаруды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті конструкторлық құжаттама мен үлгілерді дайындау ретінде анықтауға болады. Бірақ

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==