Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
- механикалық кесудің әдеттегі әдістеріне тез өту, Z ü nd (Швейцария) құралының бастары арқылы. EPILOG LASER - принтер сияқты жеке компьютерге қосылатын және CorelDraw - ден тікелей «басып шығара» алатын үстелдік лазерлі жүйелерін шығарады ; - Crystal Clear TM Optics оптикалық жүйесі қызмет көрсетуді жеңілдету үшін пайдаланылады. VIABLE SYSTEMS. INC. - құрылғыларматаны берудің орамдық жүйесімен, конвейерлік жүйемен немесе парақты беру жүйесімен жиынтықталуы мүмкін; - барлық қондырғылар лазерді салқындату жүйесімен және түтін жоғалту жүйесімен жабдықталған. LASER LIFE - қондырғылар бекітілген сәуле таратқыш және тез қозғалатын оптика (Flying- Optics) қолданады; - қондырғыларкесу үшін ғана емес, сонымен қатар картонға сурет салу, бұрғылау, перфорациялау және белгі қоюүшін де қолданылады. Көп өндірушілер өз қондырғыларында газды қолдануды және арнайы қызмет көрсетуді қажет етпейтін, суретті матаны пішуге арналған инткллектуалды бағдарламалық қамтамасыз етуі бар камералармен өз жүйелерін жиынтықтайды, матаны беру жүйесін пішу жабдығымен жеткізетін жабық типті лазерлерді қолданады. Барлық қазіргі заманғы пішу қондырғылары дербес компьютермен қарым - қатынас интерфейсін және түрлі АЖЖ жүйелері деректері форматтарын қолдайды. Қолданыстағы автоматтандырылған пішу жүйелерді талдау киім үлгілерінің эксперименттік конструкциясын өңдеу кезінде қайталама қиманы жүзеге асыратын, жабдықтың құрамы мен фунуцияларына қойылатын талаптарды анықтауға мүмкіндік берді Бірыңғай төсемдерге арналған контактсыз автоматтандырылған пішу кешендерді енгізу қиманың дәлдігін арттыруға, қолмен жұмыс кезінде туындайтын қателіктерді болдырмауға, сондай - ақ тәжірибелік үлгілердің өңдеу уақытын қысқартуға және қолмен жұмыс күшін жою арқылы топтаманың жобалау циклін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Мұндай жабдықты пайдаланудың экономикалық тиімділігі жобалық жұмыстың дәлдігі мен сапасын, модельдің өзара алмасу жиілігін, жұмыс уақытын үнемдеуді, шығын материалдарын, электр қуаты есебінен алынады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==