Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

бірлігі, МеМСТ және т.б.), есептік бағасы, есеп кезеңінің басындағы қалдықтар, есепті кезеңде кірістер мен шығыстардың сомасы және есепті кезеңнің соңына материалдардың қалдығы көрсетіледі. Материалдардың бар болуы мен қозғалысы туралы деректер табиғи сияқты, баға тұрғысынан да көрсетіледі. Есептің келесі бетінде жеткізушілердің (алушылардың) және бухгалтерлік есеп шоттары бойынша материалдарының қозғалысы және шығыны туралы жиынтық мәліметтер келтіріледі . Екінші бөлімдегі жазбаларды өндіру үшін негіздеме ретінде өнім берушілерден материалдарды кіріске алу үшін бастапқы ақтау құжаттары (№ M -4 формасы бойыннша кіріс ордері, № M - 7 формасы бойынша материалдарды қабылдау туралы акт және т.б.) және оларды өндіріске беру (талап - № M -11 формасы бойынша жүкқұжат) немесе сыртқы ұйымдарға ( № M- 15 формасы бойынша материалдарды шығаруға арналған жүкқұжат және т.б .) қызмет етеді . Есеп ай сайын материалдық жауапты тұлғамен (әдетте , қойма меңгерушісі) оған қоса есепте жазбаларды жасау үшін негіз болып табылатын, барлық ақтау құжаттармен бірге қосымшалармен ұсынылады . Өндірістегі материалдардың шығыны «Өндірістегі материалдарды шығыны актісі» арқылы рәсімделеді. Шығарылған және қоймаға өткізілген дайын бұйымдар үш бөлімнен тұратын өндірістік есепте көрсетіледі. Есептің бірінші бөлімінде материалдардың қозғалысы туралы мәліметтер келтіріледі (атауы, өлшем бірлігі, баға, есеп беру кезеңінің басындағы қалдық, есеп беру кезеңіндегі материалдардың келуі және шығыны, есептік кезеңнің соңындағы материалдардың қалдығы) . Екінші бөлімде бухгалтерлік есепке алу және өндірістік тапсырыстар есебін анықтай отыра, қоймадан материалдарды алу және оларды өндіріске жіберу туралы мәліметтер келтіріледі . Үшінші бөлімде дайын өнімдердің көлемі туралы мәліметтер көрсетіледі. Бірақ құжаттама шикізат пен дайын өнімнің қоймасында ғана емес, дайындық, пішу және эксперименттік цехтар сияқты басқа цехтарда да қолданылады. Құжат айналымы немесе ұйымдағы құжат қозғалысының тәртібін келесі топтарға бөлуге болады : кіріс құжаттары, бұл жүйеде қалыптаспаған, сырттан келген құжаттар; шығыс құжаттары, бұл жүйеде қалыптасатын және одан тыс шығатын құжаттар; және ішкі құжаттар , бұл жүйеде қалыптасқан және одан тыс шықпайды, оның ішіндегі жұмыс үшін ғана қызмет етеді [10]. 3.1 Тігін кәсіпорнының өндірістік цехтарының құрылымдық - ақпараттық үлгісін құрастыру

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==