Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
жүйесі неғұрлым тиімді өзін - өзі оқытады және жетіледі, сыртқы өзгерістерге тез және икемді жауап береді [6 ]. Басқару – кәсіпорынның әрбір жұмысшысына дейін, өз уақытында қабілетін айқындайтын және басқару командаларын бұрмалаусыз жеткізетін, басқару жүйесінің қасиеті. Тек осы жағдайда ғана, кәсіпорынның барлық жұмысшыларының қызметі, жалпы нәтижеге жетуге, және олардың бәрі келісілген, үйлестірілген әрекет жасауға бағытталады. [6 ] Осыған қарай, басқаруды қамтамасыз ету үшін минималды түрде қажет шарт, барлық жетекшілер сенімді және жауапты болуы керек, өздерінің көңіл - күйіне және көзқарасына қарамай, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін емес, өндірістің өндіріс мүддесіне бағытталуы керектігінде бекітіледі. Тек осы жағдайда ғана бұйрықтардың орындалатынына сенімді болуға болады . Осылайша, басқару қызметі – әрқашан өндірістің, қоғамның мүддесі үшін басқа адамдардың пайдасына істелетін қызмет . Өнеркәсіптік кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуі және нарықтық қатынастар жағдайында бәсекелестіктің артықшылықтарымен оның өндірістік қызметін басқарудың тиімді жүйесі ғана қамтамасыз ете алады. Бүгінгі күні кәсіпорынның өзі сыртқы орта, өнім ассортименті мен қызмет көрсетуін, бағасын, жеткізушілерін, өткізу нарығын және тағы басқаларын анықтауы, болжауы керек, ең бастысы, сыртқы және ішкі ортадағы кез - келген өзгерістерге тез жауап беруге қабілетті және соларға сәйкес өз қызметін түзетуі қажет. Заманауи жағдайда жедел - өндірістік қызметтің ұйымдастырылуы берілген сапа мен көлемдегі бәсекеге қабілетті, тапсырыс берушілермен келісім шартпен айқындалатын, өндірістік ресурстардың барлық түрін неғұрлым жақсы пайдалану кезінде, өнімнің шығарылуы бойынша кәсіпорынның барлық буындарының жұмысында үйлесімділік пен келісімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Жедел басқару - бұл компания қойылған мақсаттарға жету үшін, мүлік объектісіне әсер етуге бағытталған, басқару субъектісінің қызметі. Іс жүзінде, бұл өндірістік жоспардың орындалуы, сондай - ақ оны жүзеге асырудың толықтығы мен уақтылығын үнемі бақылап отыру. Коммерциялық ұйымдарда жедел мәселелермен айналысатын жетекші, фирманың әлеуетін нақты пайдаға айналдырады. Іс - әрекеттерге, жалпы жедел тапсырмаларды анықтау, мотивация , көшбасшылықты және жетекшілікті, ұйым ішіндегі басшылар мен орындаушыларды бақылау кіреді. Фирманың тұрақты жұмыс істеуі үшін жедел басқару, белгілі бір ұйымдастырушылық архитектониканы құру мен қолдауды, қызметкерлерді іріктеуді және оқытуды болжайды. Тікелей архитектоника тиімділікке бағытталған және өзгерістерге төзімді.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==