Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
Басқарудың анықтамасы құбылыстың дәл мәнін көрсетеді, сондықтан ол пәрменді болып табылады . Жетекшіге және басқару жүйесіне қойылған басты міндет - кәсіпорынның барлық қоры осы нәтижені алу үшін жұмыс істеуіне негізделеді, яғни тұрақты нәтижеге жету үшін, қызметті мұқият ұйымдастыру және жоспарлау, оны бөлек функцияларға бөліп, жоспардың декомпозициясын әр жұмыс орнына дейін жүргізу қажет. Егер материалдық ресурстар жеткілікті қарапайым ескерілсе, адамдық ресурстары тек бір ғана жағдайда ескерілуі мүмкін - егер әрбір адам белгілі бір тұрақты шама болып саналса. Сонымен, кәсіпорынның тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін, 3D- басқаруды ұйымдастыру керек. Логика қарапайым: қызметтің үш өлшеміне сәйкес басқарудың үш түрі ұйымдастырылады [6 ]: • Нөлдік тәртіппен басқару , қызметтің стратегиясын іске асыруда жұмысшылардың күш - жігерін үйлестіру жолымен нәтиже алуды қамтамасыз етеді . • Бірінші кезектегі басқару жұмысшылардың жалпы қабілеттерін және басқарудың салыстырмалық принципін ескере отырып , өз қызметін тұрақты түрде ынталандыру арқылы нәтижелілігін қамтамасыз етеді. • Екінші кезекті басқару арнайы кадрлық потенциалды қалыптастыруын қамтамасыз етеді және олардың ортақ қабілеттері мен салыстырмалық басқару принципін есепке ала отырып, басшылардың жалпы қабілеті мен кейінгі орналастыруды есепке ала отырып басшыларды таңдау жолымен, басқару жүйесінің негізгі қасиеттерін берілген деңгейде қалыптастыру және қолдау . Басқару жүйесінің астарында, кәсіпорынның ұйымдық құрылымы түсіндіріледі. Әсіресе, осы құрылым жиі өзгеріске ұшырайды . Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы қызметті ұйымдастыру принциптерін көрсетеді, бұл басқаруды ұйымдастыру принциптері сияқты емес. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы, солардың арқасында компанияның қызметі жүзеге асатын, сол «ұйымдардың» өзара байланысын көрсетеді. Басқаша айтқанда, кәсіпорын басқару жүйесі - бұл артықшылықтары мен кемшіліктері бар, нақты адамдар. Басқару жүйесінің мақсаты - қызметтің тұрақтылығы мен тұтастығын қамтамасыз ету. Қызметтің тұрақтылығы мен тұтастығын қамтамасыз ету үшін, басқару жүйесі бейімделгіш және басқарылатын болуы керек. Басқару жүйесінің бейімделуі - кез келген өзгерістерге тез және икемді түрде әрекет ету қабілетін көрсететін және алаңдаушы факторлардың әсерін барынша азайтуға мүмкіндік беретін адекватты басқару топтарын дамытатын қасиет. Бейімделу - бұл қызметтің тұрақтылығын қамтамасыз ететін басты қасиет. Бейімделу жоғары болған сайын, осы тенденциялар ерте білінеді және дұрыс бағаланады. Тиісінше, бейімделу неғұрлым жоғары болса, басқару
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==