Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

және мамандарды тарту; • үйлестіру бірлігін және түйіндік шешімдерді бақылауды жоғарғы деңгейде сақтау кезінде, шешімдер қабылдау өкілеттігін орта деңгейге беру арқылы жоғарғы деңгейдегі басшылыққа жүктемені төмендету; • көптеген жобалар, бағдарламалар, өнімдер бойынша жоғары сапалы нәтижелер алу; • жобаның (бағдарламаның) тұтастай және оның элементтері үшін нақты жетекшінің жеке жауапкершілігін күшейту. Кемшіліктері: • тәжірибеде іске асыру үшін матрицалық құрылымның күрделілігі, оны енгізу үшін қызметкерлерді ұзақ уақыт дайындау және сәйкес ұйымдастырушылық мәдениет қажет; • қос бағынушылықтың болуы; • қос бағынушылыққа байланысты қақтығыстар; • функциялардың ішінара қайталануы байқалады; • басқару деңгейлері бойынша толыққанды басқару қиындайды және іс жүзінде жоқ ; • дағдарыс кезеңдеріндегі тиімсіздік. Заманауи басқаруда дивизионалды және аралас сызықты - функционалдық құрылымдардың үстемдігіне қарамастан, матрицалық құрылымдар барған сайын дамып келеді. 2.4 Басқарудың мәні Басқару - ең аз шығынмен үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін, өндіріс процесінде өз қызметін ұйымдастыру және үйлестіру үшін, адамдардың ұжымына әсер ететін үздіксіз процесс болып табылады [6]. Басқару міндетін табысты атқару үшін, өндіріс жетекшісіне - жан - жақты білім және ойлау қабілеті, табиғат пен қоғамның заңдылықтарын игеруі, өндірістің техникасы мен технологиясын, оның экономикасын, ұйымдастыру және жоспарлауды, сондай - ақ басқару психологиясының негіздерін білу қажет. Құқық, әлеуметтану және информатика саласындағы білім қажет. Басқару үшін екі міндетті шешу керек: ғылыми негіздерді меңгеру, яғни басқару теориясын меңгеру және оны шығармашылық қолдану, яғни басқару өнерін игеру. Басқару - адамға әсер ететін құбылыс, оның нәтижесінде ол қалаған нәрсені емес, қажет нәрсені орындайды. Адамды басқару - бұл оның қызметінің дұрыс бағытын көрсету және одан қажетті нәтижені алу.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==