Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
Сурет 2.10–Аралас басқару құрылымы Құрылымның осы түрінің негізі өзгермейтін тұрақты форма - филиал (бөлімше), параметрлердің біреуіне мамандандырылған : өнімге (бұйым, қызмет), орналасқан ауданына, функцияға. Әрине, филиалдардың (бөлімдердің) ұйымдастыру құрылымы, өздерінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес әртүрлі болуы мүмкін. Бұл филиалдар (бөлімшелер) және басқа ұйымдық нысандар икемді, жиі және жылжымалы өзгере алады - жобалық орталықтар, жұмыс топтары. Бұл жағдайда ұйымның конфигурациясы филиалды (бөлімшені) сақтай отырып, өзгеретін болады. 4 Матрицалық құрылым – қор мен нәтиже айналасындағы, жұмысты бөлу мен топтастыру арасындағы теңдескен компромиссті ұсынады. Бұл тәжірибелік іске асыру үшін ең қиыны болып табылады . Матрицалық құрылым бөлімшелерді басқаратын менеджерлердің және жобаларды басқаратын менеджерлердің құқықтарын бөлуді болжайды. Соңғы онжылдықта матрицалық ұйымдық басқару құрылымы дамыды. Ол нарықтың қажеттіліктеріне жаңа өнімдердің кең спектрін бейімдеу кезінде мамандарды, инженерлер мен ғалымдарды тиімді пайдалану мүддесінде құрылған. Матрицалық құрылымды, аймақтық және тауарлық топтау арасынан таңдауды қаламайтын фирмалар пайдаланады. Өнім менеджері, бір мезгілде осы өнім тобының вице - президентіне және аймақтық вице - президентіне есеп береді. Артықшылықтары: • икемділік, инновацияларды өндіріске жедел енгізу; • жұмыс нәтижесіне жоба жетекшісінің жеке жауапкершілігі; • ұйымдастырушылық жобаларды іске асыруда, ең алдымен, өндірісті жеделдетілген техникалық жетілдіру бойынша, белсенді шығармашылық қызмет сферасына барлық деңгейдегі жетекшілерді
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==