Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

Сурет 2.4 – Сызықтық құрылым Артықшылықтары: • дара басшылықтың айқын жүйесі - бір жетекші бір мақсатқа ие процестердің тұтас жиынтығын өз қолында басқаруды шоғырландырады; • айқын білдірілетін жауапкершілік; • орындаушылардың іс - әрекеттерінің келісімділігі ; • шешім қабылдаудағы тиімділік; • ұйымдастыру формасының қарапайымдылығы және өзара қарым - қатынастың анықтығы; • қызметтің соңғы нәтижелеріне жетекшінің жеке жауапкершілігі. Кемшіліктері: • жоғары деңгейде басқаруға түсетін шамадан тыс күш; • шешімдерді жоспарлау және дайындау кезінде байланыстардың жоқтығы; • құрылымдық бөлімшелер арасында туындайтын сұрақтарды жылдам шешу мүмкіндігінің жоқтығы; • ұйым жұмысының жоғарғы басқарушылардың біліктілігіне, жеке және іскерлік қасиеттеріне жоғарғы тәуелділігі. Ұйымдағы жұмыс мамандана бастағанда, құрылымның басқа түрлеріне көшу қажеттілігі туады . 2 Функционалдық құрылым – ұйым бөліктерге функционалды бөлінсе, мамандандырылған жұмыстар көбінесе ресурстардың айналасында топтастырылады, яғни өндіріс процесстеріне қызмет ететін жұмыстардың функционалды бөлінуі орындалады (мамандандырылған жұмыстардың ұқсастық принципі). Артықшылықтары: • басқарушылық персоналдың жоғары мамандануы есебінде тиімді басқару; • стратегиялық шешімдерді іске асыруды жақсы бақылау; • жұмысшыларды дайындауды жеңілдету, уақытты үнемдеу; • вертикалды байланыс пен коммуникацияны нығайту; • төменгі деңгейлердің қызметін бақылауды күшейту. Ұжым жетекшісі Қаражат Кадрлар Жоспарлау Жабдықтау Өнімді дайындау Өнімді өндіру Өнімді сату

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==