Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
Схема 2.5 – Тігін кәсіпорынының қосалқы - өндірістік ғимаратының классификациясы 1 .3 Тігін кәсіпорындарын басқару құрылымдары Тігін кәсіпорындарының құрылымы оларды басқару құрылымын анықтайды. Кәсіпорынды басқару құрылымы – басқару деңгейлері мен функционалдық бөлімшелердің логикалық тұрғыдан қалыптасқан қарым - қатынасы . Құрылым шеңберінде басқару функциялары мен міндеттері бөлінген қатысушылар арасында басқару процесі жүзеге асырылады. Осы ұстанымнан бастап, ұйымдық құрылым - ұйымның мақсаттарына жетуге бағытталған басқару үдерісі жүзеге асырылатын, басқарушылық қызметтің бөлінуі мен ынтымақтастығының нысаны. Осылайша, басқару құрылымы әртүрлі бөлімдер арасында бөлінген барлық мақсаттарды, олардың орындалуы бойынша бір - бірімен үйлесімділікті қамтамасыз ететін байланыстарды қамтиды. Басқару құрылымы менеджменттің барлық түсінігімен - мақсаттары, функциялары, процесі, жұмыс істеу механизмі, адамдардың өкілеттілігімен байланысты болғандықтан, басқарудың барлық қырына үлкен әсер етеді. Сондықтан барлық деңгейдегі менеджерлер құрылымдарды қалыптастырудың принциптері мен әдістеріне, құрылымдардың типтері мен түрлерін таңдауда, олардың құрылуының тенденцияларын зерттеп, олардың мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігін бағалауына үлкен көңіл бөледі. Басқару функцияларын дифференциациялау мен интеграциялау деңгейі бойынша құрылымдардың екі классы бөлінеді: - интеграцияның орталықтандырылған түріне негізделген Қосалқы өндірістік ғимараттардың классификациясы қоймалар цехтар тері илеу мақта тары халық тұтынатын тауарлар механикалық жөндеу паросиловой энергетикалық шикізат құрылыс құбырлар, ағаш кескіш материал жанар-жағар май
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==