Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

редакциялауға болады: оның негізінде бір айға құжаттама «өндіріске үлгілерді шығару бойынша келісілген тапсырма» дайындалады. Осы құжаттамада, тапсырыс көлемдері қабылданған ассортиментті жоспарлау стратегиясына байланысты соңғы рет көрсетіледі. Сонымен бірге, осы құжатта белгілі артикулды материалдардан дайындалған, бұйым үлгілерінің өндіру көлемдері нақты көрсетіледі. Өндірістік бағдарламаны іске асыруды жоспарлау процесінде, бұйымды қандай цехта және ағындарда дайындалу мәселесі шешіледі. Дайындау әдісін жоспарлау, бұйымды өңдеу үдерісіндегі алға жылжуын анықтайды [3,4]. Өндірістік бағдарламаның орындалуын бақылау кәсіпорынның негізгі цехтарында немесе бөлімшелерінде, өндірістік процестің барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады. Егер жоспардан ауытқу болса, өндіріс жүйесіндегі тәртіпсіздіктерді жою үшін шаралар көзделуі керек. Икемді өндіріс үшін, өндірістік бағдарламаның жылдам өзгеру мәселесі және осы өзгерістерге негізгі өндірістік бөлімдердің жылдам әрекет етуі, кәсіпорын жұмысының айқындаушы әсері болып табылады. Өндірістік бағдарламаны теңестіру кезеңі ұзақ мерзімді кезеңде (ай, тоқсан), сондай - ақ қысқа мерзімді (ауысым) жоспарлау сатысында шешілуі мүмкін. Өндірістік бағдарламаны теңестіру, тігін бұйымдарының әртүрлі үлгілерін, өлшем мен бой ұзындығы дайындау бойынша, жұмысты жылдам түрде қайта бөлінуден тұрады. Өндірістік бағдарламаны теңдестіру қажеттілігі, негізінен, екі жағдайда пайда болуы мүмкін: өндірістік бағдарламаның міндеті жеке ағындардағы жүктемелердің пайда болуына байланысты және тапсырыста жедел өзгерістер туындаған жағдайда жүзеге асырылмайды. Теңдестірудің негізгі шарты - жалпы жұмыс көлемі жиынтық қордан аспауы болып табылады [35 ]. 1 .2 Тігін кәсіпорындарының құрылымдық схемасы Тігін кәсіпорындарының құрылымы деп оған кіретін цехтар, бөлім мен бөлімшелер, олардың орналасу тәртібі және тігін бұйымдарын дайындаудағы технологиялық үдерістерді жүзеге асыруды атайды. Кәсіпорынның барлық ғимараты тағайындалуы бойынша үш топқа бөлінеді: өндірістік, қосалқы өндірістік және көмекші (2.3 - схема ). Өндірістік ғимараттың құрылымы цехтар мен қоймалар түрінде 2.4 схемада көрсетілген.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==