Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер

154 Нанның сапасын жақсартатын тотықтырғыш заттардың қатарына: оттегі, сутегінің асқын тотығы, калий броматы, калий йодаты, аммоний персульфаты, аскорбин қышқылы (оның дегидроформасы), хлор диоксиді, ацетон пероксиді, азодикарбамид, карбамид пероксиді, кальций пероксиді, персүт қышқылы, перборат кіреді. Азот оксиді, хлор, хлорлы нирозил, бензоил пероксиді тек ұнды ағарту үшін диірмендерде қолданылады. Осы тізімге құрамында белсенді липоксигеназа және препарат-жақсартқышы бар термиялық ӛңделмеген майсыздандырылмаған соя ұнын да қосуға болады. Осы тотықтырғыш жақсартқыштардың ішінде калий броматы наубайхана ӛндірістерінде жиі қолданылады. Оттегі. Оттегі ӛзінен ӛзі ұнды сақтағанда, қамыр илегенде, оны доғалағанда ондағы кӛпшілік заттарды тотықтырып, қамырдың түзілуіне және жетілуіне қатысады. Кей жағдайларда ауа оттегімен тотықтыру мақсатында бұл әдісті арнайы қолданады. Егерде ұнды пневматикалық тасымалдаса, онда оттегі ұнмен жақсы араласып, оның ішіндегі бірқатар заттарды тотықтырып, ұнның жетілуін тездетеді.Соның арқасында ұн біраз ағарады. Егер оған қоса ыстық ауа қолданылса, жетілу мерзімі одан да тездетіледі. Қамырды мехникалық тәсілдермен илегенде, доғалағанда оның ішіне ауа кӛпіршіктері кіріп, тотығу үдерістерін тездетеді. Қамырды илеу кезінде оны неғұрлым ұзақ және қарқынды ӛңдеу ауа кӛпіршіктерінің кӛптеп еніп, ұсақталуына алып келеді. Сондықтан осындай қамырда ауамен тотығу тиімділігі жоғары болып келеді. Кӛптеген зерттеу жұмыстарында қамырдың реологиялық қасиетін жақсарту мақсатында қамыр илеуді оттегімен қаныққан оттегі немесе ауа атмосферасында жүргізу оның реологиялық қасиетін күшейтетіні айтылған. Және осындай жұмыстар наубайхана ӛнеркәсібінің тәжірибесінде қолданылған. Сутегінің асқын тотығы. Сутегінің асқын тотығы (Н 2 О 2 ) - белсенді тотықтырғыш. Сондықтан ол қамырды оттегімен байтудың бірден бір кӛзі деп есептеледі. Оны бидай нанының сапасын жақсартқыш ретінде қолданудың мүмкіндігі кӛптеген жұмыстарда зерттелген.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==