Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер

146 ерітінді; дистилденген су; тесік ӛлшемі 1,2 және 2,2 мм метал електер. Сынақты жҥргізу : Қамыр дайындамасын әртүрлі ұзақтықта жетілдіру үшін қамыр дайындау ашытпасыз әдіспен 2 зертханалық жұмыста келтірілген әдіс бойынша жүргізіледі. Тек қамырдың жетілу ұзақтығы әртүрлі етіп алынады. Жетілдіру камерасында әртүрлі уақыт тұрғызылған қамырдан нан пісіріледі. Олар мынадай нұсқада: 1 нұсқа (бақылау) – толық жетілгенге дейін; 2 нұсқа – 20 минут тұрғызу (жетілу жетіспеген); 3 нұсқа –25-30 минутқа жетілген уақытынан кӛп тұрғызу; Қамыр дайындауда технологиялық үдерістердің жүруіне, оның қасиетіне, тұрғызу және пісірудің соңына дейін бақылау жүргізіп, қамырдың және піскен нанның сапасын суығаннан соң 1 және 2 зертханалық жұмыстарда келтірілген әдіс бойынша анықтайды. Алынған нәтижелерді салыстырмалы түрде қорытындылап жазады. Жазу үлгісі 1 және 2 зертханалық жұмыста келтірілгендей орындалады. Бақылау сҧрақтары: 1 Қамыр дайындамасының тұрғызылу ұзақтығы қандай факторларға байланысты? 2 Қамырдың жетілуін қалай анықтайды? 3 Қамыр дайындамаларын тұрғызу дұрыс жүргізілмегеннен болатын нан ақаулары.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==