Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер
117 бӛлімінің температуралық жағдайы да ескеріледі. Қамыр дайындайтын цехтағы температураны қалыпты ұстап тұратын және тиімді желдеткіш болмаған жағдайда ауа райы салқын кездерде қамырдың температурасын есептегіден 1-3 о С-ға жоғарылатуға тура келеді. Жҧмыстың мақсаты: Бидай қамырын ашытпасыз әдіспен дайындап, әртүрлі температурада ашыту. Қамырдың температурасының қамырдың қасиетіне және дайын ӛнімнің сапасына әсер етуін анықтау. Керекті қҧралдар және жабдықтар : бидай ұны; престелген ашытқы; ас тұзы; ауыз су; термометр; таразы; эмальды кастрюлдер; жетілдіргіш шкаф; зертханалық пеш; титрлеу қондырғысы; кептіргіш шкаф немесе аспап; Журавлев аспабы; эксикатор; сигналды қондырғылы сағат; қалыптағы нанның кӛлемін анықтайтын құрылғы, домалақ нанның кӛлемін анықтайтын сызғыш, пышақ, үккіш; газет, сүзгі қағазы, бюкса, 500 см 3 кӛлемді бӛтелке (сүтке арналған сияқты); 100, 250 см 3 кӛлемді дәлдігі 4-ші санаттағы кӛлемді колбалар; 50, 100, 150, 250 см 3 кӛлемді стакандар мен конустық колбалар; 25, 50 см 3 кӛлемді дәлдігі 4-ші санаттағы тамшуырлар; 4-ші санаттағы бюреткалар;1000 см 3 сыйымдылықтағы ӛлшенді цилиндр; 0,5 мл тығыны бар шыны ыдыс; ағаш қалақтар немесе ұшында резеңкесі бар шыны таяқшалар; термометр; медициналық дәке; натрий гидрооксиді, молярлы концентрациясы 0,1 моль/дм 3 ерітінді; калий гидрооксиді, молярлы концентрациясы 0,1 моль/дм 3 ерітінді; дистилденген су; тесік ӛлшемі 1,2 және 2,2 мм метал електер. Сынақты жҥргізу : Қамырды әртүрлі температурада ашыту үшін 2 зертханалық жұмыста келтірілген ашытпасыз әдіспен қамыр дайындау әдісі арқылы жүргізеді. Бірақ қамырды ашыту әртүрлі температураға қойылады. Ол үшін мынадай нұсқалар дайындалады: 1 нұсқа (бақылау) – 30–32 0 С температурада ашыту; 2 нұсқа – зертхана бӛлмесінде ашыту; 3 нұсқа – 45 0 С температурада ашыту.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==