Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
8 ӛнімнің тығыздығын да тӛмендетіп, ӛнімнің түсіне және сыртқы келбетіне жағымсыз әсер береді. Қазіргі кезде макарон ӛндірісінде қолданылатын қоспалардың түрлері біршама ұлғайтылған. Макарон ӛндірісіндегі дәстүрлі емес шикізаттар ретінде әр түрлі дәнді ӛсімдіктердің (бидайдан ӛзге) дәндері мен тұқымын ӛңдеу барысында алынған ӛнім түрлері, түйнекті жемістер, сондай-ақ оларды ӛңдеу барысында алынған жанама ӛнімдері алынады. Жалпы шикізаттарды таңдаудағы маңызды мәселе: олардағы ақуыздың мӛлшері мен құрамы, биологиялық құндылығы, құнарсыз заттарды шығарып алу мүмкіндігінің болуы, сақтауға қабілеттілігі, ауа-райының ӛзгерістеріне тӛзімділігі және ӛсімдіктің шығымдылығы болып табылады. Осы оқу құралында макарон ӛндірісіндегі шикізаттар туралы, олардың химиялық құрамы және маңызды физикалық, биологиялық, одан ӛзге басқа да қасиеттері туралы негізгі мәліметтер берілген, оларды алудың басты технологиялық процестері баяндалған. Шикізаттардың әр түрінің сұрыптары мен санаттары бойынша ақпараттар, қолданыстағы стандарттар мен техникалық шарттарға сай органолептикалық, физикалық- химиялық сапа кӛрсеткіштері берілген. Ұнның макаронға лайық қасиеті, оны сақтау барысында жүретін процестері жайлы негізгі жағдайлар қарастырылған, сақтау шарттары туралы ұсыныстар берілген. Сонымен қатар, макарон дайындаудың технологиялық сатылары және мақсаты, макарон дайындау кезінде жүретін технологиялық процестер, дайын ӛнімді сақтау, макарон шығымы, дайын ӛнімінің сапасын бақылау, макарон ӛнімдерінің сапасы мен тағамдық құндылығы жоғарылататын дәстүрлі емес шикізат түрлері, макарон ӛнімдерінің жіктелуі келтірілген. Дайын ӛнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оған қызықтыратындай сыртқы түрді қалыптастыра білу, санитарлық жағдайын жақсарту үшін қазіргі кезде заманауи орау материалдары мен ыдыстар қолданылады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==