Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
45 талшықтарға, мүшелерге және жүйкелерге тарату процесіне қатысады. Темір құрамаларына ферменттеу процесіндегі ерекше орын беріледі, себебі ол 70 астам әр түрлі ферменттер қызметіне қатысады. Темір жетіспеуі кезінде ағзада гемоглобиннің азаюы байқалады, ол ӛз кезегінде темір жетіспейтін анемияға (ТЖА) соқтырады, нәтижесінде адам иммунитеті нашарлайды, жұқпалы аурулармен ауыру мүмкіндігі артады. Жүкті немесе бала емізетін әйелдерде темір жетіспеуі бала мен ана денсаулығына үлкен қатер тӛндіреді, балалар ӛлімінің артуы байқалады, баланың жетілмей тууына да себеп болады, балалардың физикалық олқылықтары мен ақыл-ой кемістігінің дамуына әсер етеді. Калий адам ағзасының барлық талшықтарында жақсы еритін хлорлы, қос кӛмірқышқылды және фосфорқышқылды тұздар түрінде болады. Калийдің кейбір бӛліктері органикалық қышқылдармен және ақуыздармен байланысады. Калийдің маңызы ағзаның ішкі ортасында қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті ұстап тұруға, жүйке импульстарының жүруіне, орталық жүйке жүйесінің жүйке-рефлекстік қызметіне қатысуымен анықталады. Калийдің жетіспеуі бұлшық еттердің әлсіздігімен, анорексия ауруымен, летаргиямен, ӛкпенің ісінуімен және т.б. ауырудан білінеді. Магнийдің маңызы адам ағзасы үшін мына қызметтерімен анықталады, кӛмірсулардың айналысында глюкозаның фосфорлану процесіне және энергия жинақтауға қатысады; қан құрамындағы холестерин мӛлшерін тӛмендетуге маңызды майлар мен липидтердің алмасуына қатысады. Магнийдің тағам құрамында жетіспеуінен жүйке жүйесінің тынышсыздығы, терінің және шырышты бӛліктердің гиперемиясы пайда болады, алаңдаушылық туындайды. Натрий – аса маңызды жасушааралық және ішкі жасушалы элемент, қанның қажетті буферлігін құруға қатысады, қан қысымын реттейді, су алмасуды, ас қорыту ферменттерінің белсенділігін туғызады, жүйке және бұлшық ет талшықтарының жұмысын реттейді. Фосфор – бұл ақуыздар, нуклеинді қышқылдар, сүйек майы құрамына кіретін маңызды элемент. Бұдан басқа фосфор қосындылары қуат алмасуына да қатысады (аденозинтрифосфор қышқылы мен креатинфосфат қуат аккумуляторлары болып
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==