Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы

44 қатысады, қышқылдану-қалыптасу барысындағы дегидраз ферменттерінің құрамына кіреді, органикалық заттардың қышқылдануы кезінде сутегіні шығаруда катализдеуші процесіне қатысады. РР дәрумені кӛмірсулар алмасуына қатысады, инсулиннің жұмысын жақсартады, жүрек бұлшық еттерінің жиырылу ырғағы мен бауырдың қызметін реттейді. Фолий қышқылы (В 9 ) ағзадағы биохимиялық процестердің қызметінде аса маңызды рӛл атқарады, бір молекулалы кӛміртегі атомы бар қосындылардың алмасуына (формальдегид, құмырсқа қышқылы) және бірқатар амин қышқылдарының биосинтезделуінің (меионин, серин, гистидин) маңызы бар. Ағзада осы фолий қышқылының жетіспеуі кезінде ең алдымен қан айналысы талшықтары және ішектің шырышты қабаты бұзылады, ерекше түрдегі қан аздығы пайда болады. Биотин (Н) бірқатар ферменттердің ақуызсыз құрамасы болып табылады, ол адам мен жануарлардың ағзасында кӛмірсулар мен майлардың алмасуын реттеуге қатысады. Биотиннің жасушаларда тӛмендеуі Кребс циклінің қалыпты механизмінің бұзылуына соқтырады және тыныс алудың энергетикалық тиімділігін тӛмендетеді. Биотиннің жоқтығы терінің қабынуы мен жарылуын туғызады, салғырттық, ұйқышылдық, жүрек айнуы, бұлшық еттердің ауыруы, қан азаюына жол береді. Биотиннің жетіспеуі негізінен ағзада ішек ауруларының пайда болуы кезінде ұзақ мерзімде антибиотиктер мен сульфаниламидтерді қолданғанда, осы витаминді синтездейтін ішек микрофлорасының қызметі ұзақ уақыт бұзылуынан туындайды. Дәрумендер бидай дәнінде кӛбінесе тұқымда немесе эндоспермнің қабықшаға жабысқан шашыраңқы тұсында жинақталады. Осыған байланысты ұнда майда еритін дәрумендер жоқ десе де болады, ал суда еритіндері аз мӛлшерде кездеседі. Ақуыздар, майлар, кӛмірсулар, дәрумендермен қатар тағамды құрауға қажетті құрамалар – минералды заттар болып табылады. Әрбір минералды элемент ағзада ерекше қызмет атқарады. Олардың ұн құрамында кӛптеп кездесетін түрлерінің бірқатары келтірілді. Микроэлементтердің арасындағы маңыздысы темір болып табылады, ол біздің ағзамызда оттегіні ӛкпеден барлық

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==