Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
43 тереңнен бұзылуына жол беріледі. Дәрумендер шартты түрде екі топқа бӛлінеді: суда және майда еритіндер. Астық ӛнімі мен оның ӛңделген түрі азық-түлікте негізінен суда еритін дәрумендер В 1 (тиамин), В 2 (рибофлавин) және РР (ниацин) жеткілікті. Астық дәрумендері арасында пантотен қышқылы (В 3 ), пиридоксин (В 6 ) және токоферол (Е) болатыны анықталған. Тиамин (В 1 ) кӛмірсуларды алмастыруға қатысады және жүйке мен бұлшық ет жүйесін, оның ішінде бас, омыртқа жұлыны мен жүректі, сонымен қатар басқа да мүшелер мен талшықтарды энергиямен жабдықтауға қатысады. Тиаминнің жетіспеуі адам ағзасында тәбет пен ұйқының нашарлауына, тез шаршауға, бұлшық ет әлсіздігіне , жүректің нашар жұмыс істеуіне әкеліп соғады. Рибофлавин (В 2 ) және оның коферментті туындылары майлардың алмасуына қатысады және ағзаны энергиямен қамтамасыз етеді. Осы дәрумен түстерді ажыратуда кӛз жанарының қызметінде маңызы бар. Рибофлавиннің жетіспеуі қан азаюына (анемия), жарықтан жасқаншақтыққа, терінің қабынуына себеп болады. Пиридоксин (В 6 ) ақуыздар, амин қышқылдары мен күкірт алмасуы үшін аса маңызды, қан айналысы жұмысында да маңызы бар. Осы дәруменнің жетіспеуі кезінде ашушаңдық, күйзеліс жағдайы күшейеді, қан айналу жұмысы нашарлайды, қан тамырларында склеротты ӛзгерістер пайда болады. Е дәрумені (токоферолдар) қышқылдануға қарсы қасиетке ие бола отырып қышқылдану процесіне қатысады, оттегінің белсенді әсерінен жасушалар мен талшықтарды бұзылудан қорғайды, дәруменнің жетіспеуі қанның жасушаларындағы қызыл түйіршіктердің бұзылуын арттырады. Пантотен қышқылының (В 3 ) ағзада атқаратын басты қызметі қышқыл қалдықтарды белсенді ету және кӛшірумен байланысты. Адам ағзасында пантотен қышқылының жетіспеуі терінің бұзылуына және ішкі ағзасына шырышты қабатының бүлінуіне әкеп соғады, бүйрекшелер гормондарының биосинтезделу процесінің бұзылуына, антиденелердің қалыптасу процесінің бұзылуына әсер етеді. Ниацин (никотин қышқылы, РР) ағзада маңызды физиологиялық қызмет атқарады: талшықтардың тынысына
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==