Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы

25 айқындалады. Дәнінің пішімі сопақша, жұмыртқа тәріздес, жұмыр, бүйірлі болып келеді. Ӛсірілген жағдайы мен сұрпына тәуелді дәні әр түрлі консистенцияға ие – ұнды, жартылай шыны тәріздес, немесе шыны тәріздес. Діңі ұзына бойына қуыс, 5-6 буынтықты құрайды. Бидай жаздық, жартылай күздік және күздік түрлерінде кездеседі. Осы түрінің кең кӛлемдегі сұрыптары белгілі. Бидайдың жұмсақ түрін наубайхана және кондитер ӛндірісінде қолданады, және ол макарон ұнын шығаруда да пайдаланылады. Қатты бидайдың масағы ірі, тығыз, қимасы тӛрт бұрышты немесе біршама қысыңқы. Масақты қабыршағының ұзындығы, сыртқы гүлді қабыршағымен бірдей, ұзын түтікшелері бар. Жіпшелері масағынан ұзындау келеді. Масақтары кӛпгүлді, бірақ 2-3 қана дән құрайды. Дәні ірі, ұзынша келген, тӛменгі жағынан тарыла түскен, кӛлденеңінен қиғанда біршама сүйірлеу, кӛбінесе шыны тектес болады. Дәнінің басындағы айдары әлсіз сезіледі. Тұқымы айқын кӛрінеді. Қатты бидай тұтасымен дерлік жаздық түрде болады, алайда егістікте күздік сұрыптары да кездеседі. Қатты бидайды наубайхана ӛндірісінде ӛнім сапасын жақсартатын ұн ретінде қолданады. Жұмсақ және қатты бидайдың дәндері ӛзара бірқатар белгілермен ерекшеленеді: түсі, пішімі, шынылығы және т.б. Тӛмендегі 12-суретте жұмсақ және қатты бидай дәндерінің түрлері кӛрсетілген, ал 1 кестеде айырмашылық белгілері берілген. а – жұмсақ; б – қатты Сурет 12. Бидай дәні Бүгінгі таңда Қазақстанда бидай астығы мол кӛлемде, ішкі қажеттілікті толық қанағаттандыруға және сыртқа экспорттау үшін ӛндіріледі. Сонымен қатар, қазақстандық бидай ӛнімі ӛзінің

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==