Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
22 Кешенді-механикаландырылған ағынды желіде қысқа кесілген ӛнімдер ӛндіру схемасы. Бұл желі (10-сурет) екі негізгі элементтен тұрады: шнекті макарон сығымдағышы (1) және үздіксіз жұмыс істейтін кептіргіш (2). Сығымдалып шығарылып отыратын ӛнімдер үздіксіз қысқа бұйымдарға кесіліп тұрады және булы конвейерлі кептіргіштің жоғарғы таспасына беріледі. Ӛнімдер біртіндеп жоғарғы таспадан тӛменгісіне ауысып, ыстық кептіргіш ауамен желдетіліп кептіріледі. Сурет 10. Кешенді-механикаландырылған ағынды желіде қысқа кесілген ӛнімдер ӛндіру схемасы Кептірілген ӛнімдер кӛбінесе дірілдеткіш-салқындатқышта (3) немесе жеткілікті ұзындықтағы қарапайым таспалы тасымалдағышта салқындатыла отырып орамдау орнына түсіріледі. Осындай жоғары дәрежедегі механикаландыру, схеманың икемділігі, жоғары ӛнімділік деңгейі оған біздің елде кеңінен таралуына мүмкіндік берді. Желі (11-сурет) шнекті макарон престен (1), алдын ала кеберсіту қондырғысынан (2) алдын ала (5) және негізгі (6) кептіргіштерден, тұрақтандырғыш-жинақтағыштан (11), сонымен бірге қосымша құрылғылар мен тасымалдағыштан: ожауы бар элеваторлардан (3, 6 және 9), ӛнімдерді жаймалағыштардан (4 және 7), таспалы тасымалдағыштардан (10 және 12) тұрады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==