Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы

20 дырғыш-жинақтағышқа (5) келіп түседі, кейіннен машина (6) арқылы бастундардан шығарылып алынып орау орнына жіберіледі. Толтырыла тиелген бастундар шынжырлы тасымал- дағыш арқылы ӛздігінен кесуге беріледі. Негізінен ӛнімді қорап- тарға салу үшін желіні орамдау машинасымен жабдықтайды. Сурет 7. Ұзын макарон ӛнімдерін шығаруға арналған автоматтандырылған Б6-ЛМВ ағынды желісі: 1 -кесу автоматы; 2 - прес; 3 - алдын ала кептіргіш; 4 - кептіргіш; 5 - тұрақтандырғыш; 6 - орау машинасы Ұзын макарон ӛнімдерін автоматтандырылған ағынды желідегі тағандарда алдын ала кептіру және цилиндрлі кассеталарда негізгі кептіруді жүргізудің схемасы. Осы схема бойынша «Бассано» француз фирмасының автоматтандырылған ағынды желісінде ұзын макарон ӛнімдерін әзірлейді. Біздің елімізде осындай желілер жұмыс істейді. Желіде макарон сығымдағышы, жаймалау машинасы, алдын ала және негізгі кептіру орны, тұрақтандырғыш-жинақтағыш және орамдау машинасы бар. Осы схеманың басты артықшылығы – құрғақ қалдықтардың болмауы және бірдей ұзындықтағы біркелкі ӛнімдерді алуда. Бұған қол жеткізу үшін бірдей кесілген макарон ӛнімдерін алдын ала тағандарда кептіргеннен кейін ішінен айналып тұратын цилиндрлі кассеталарда негізгі кептіруді жүзеге асырады. Сосын, ӛнімдер үздіксіз қимылдайтын цилиндрлі кассе- таларда кептіріледі, сондықтан да олар тік қалыпта кеуіп шығады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==