Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы

19 Сурет 6. Астаушамен кассеталарда кептірілетін макарон ӛндірісінің механикаландырылған ағынды желісі: 1 - шнекті прес; 2 - кесу машинасы; 3 - кассеталар; 4 - кептіргіш; 5 - тасымалдағыш; 6 - орамдау стол Ұзын макарон ӛнімдерін автоматтандырылған ағынды желіде іліп кептірудің ӛндірістік схемасы құрылған. Осы схема бойыншы біздің елімізде макарон ӛнімдерінің аздаған мӛлшері ғана дайындалады. Алайда, желінің құрамындағы үздіксіз әрекет ететін машиналар мен агрегаттарда жүзеге асырылатын барлық технологиялық процестерді жоғары дәрежедегі механикаландыру мен автоматтандыру нәтижесінде жоғары сапалы макарон ӛнімдерін (макаронның ерекше түрі және сабан тәріздес, вермишель мен лапша) ӛндіру елімізде кеңінен таралып отыр. Қазіргі кезде осы схема бойынша макарон ӛнеркәсібінде жұмыс істейтін итальяндық «Брайбанти» фирмасы және оған ұқсас Б6- ЛМГ, Б6-ЛМВ және ЛМБ желі қызмет атқарады. Б6-ЛМВ желісінің схемасы 7-суретте берілген. Үздіксіз жұмыс істейтін прес (2) тік бұрышты матрица арқылы макарон будасын сығымдап шығарады, олар арнайы автоматтың (ӛздігінен кесетін) (1) кӛмегімен бастундарға ілінеді. Осы қалыпта олар кептіру орнына түседі. Алдымен осы макарон будасы алдын ала кептіру орнына (3) жеткізіледі, сӛйтіп жартылай шикізаттан ылғал қарқындап шығарылады, содан кейін негізгі кептіру орнында (4) кептіріледі, мұнда олардан ылғал біртіндеп шығарылып кептіріледі. Кептіру орындарында бастундар, бірнеше қатар орналасқан тасымалдағыштар кӛмегі- мен жылжытылып отырады. Кептірілген ӛнімдер тұрақтан-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==