Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
164 Біркелкі ұн партиясы деп бір сортқа жататын кӛзмӛлшерлермен бағаланатын кӛрсеткіштері бойынша бір сападағы белгілі бір мӛлшердегі ұн партиясын айтады. Осы партиялардың сапасын анықтау үшін алдымен нүктелік сынамалар алып соларды қосып бастапқы және орташа сынамалар жасайды. Нүктелік сынама деп бір ұн партиясынан бір рет күрекше немесе соған арналған басқа ыдыспен бір нүктеден бір ретте алынатын кішігірім оның сапасын анықтауға арналған бӛлігін айтады. Бастапқы (исходная) сынама деп осы партиядан алынған барлық нүктелік сынамалар қосындысын айтады. Бірнеше бастапқы сынамалардың білгілі бір бӛліктерін бӛліп алып оларды қосып орташа сынама жасайды. Ұн партиясының сапасын осы орташа сынамадан ӛлшемдер алып талдап,бағалайды. Ӛлшем деп ұнның бір сапа кӛрсеткішін анықтауға арналған орташа сынаманың белгілі бір бӛлігін айтады. Қапталмай сақталатын ұнның нүктелік сынамасын оны силосқа салған (құйған) кезде немесе силостан түсірген кездеұн ағымынан күрекшемен немесе басқада сынама алуға арналған ыдыспен оның бір кӛлемін (ағымның кӛлденеңінен кесіндісінің) түгел қамтитындай етіп кесіп ӛту арқылы алады. Ол ағымды күрекшемен белгілі бір уақыт бірлігі ішінде,мысалы 1-2 сағатта бір рет кесіп ӛту арқылы алады. Сонда алынатын нүктелік сынаманың мӛлшері 200-300 г-нан кем болмауы керек, ал оның бір партиядан алынатын жиынтығы 2 кг-нан кем болмау керек. Аузы тігілген қаптардан нүктелік сынаманы қаптың бір бұрышынан қаптан сынама алатын қуыс құлақты пайдаланып алады. Сынама алудың алдында оны жақсылап жұмсақ щеткамен тазалайды. Оны қуыс құлақты қаптың ортасына қарай ашық бетін тӛмен қаратып, кіргізіп,содан кейін 180°С-қа аудырып, тартып шығарады да, сонда пайда болған тесікті қайтадан қымтап қояды. Егер қап бӛзден жасалған (тігілген) болса ол зығыр жіптерімен тігілген болса, онда нүктелік сынаманы аузындағы тігісінің арасынан алады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==