Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
163 - белгілі толық құқылы ұйымдар бекіткен есеп-беру кестелерін (формаларын) толтырып, шығарылатын ӛнімдердің толық есебін шығарады; - цехта технологиялық есеп жүргізу журналын жасап, онда орындалатын жұмыстардың кӛлемін тіркеуді ұйымдастырады; - технологиялық бақылау бӛлімімен бірлесе отырып цехтағы материалдарды есепке алу, тексеру қызметін атқарады; - осылардың арқасында кеткен қателіктер болса оны жою шараларын ұйымдастырады. Ӛндіріс зертханасының ғылыми-талдау, эксперименттік жұмыстарды жүргізу саласындағы орындайтын міндеттері: - цехта, кейбір мәселелер бойынша ғылыми-талдау жұмыстарын жүргізіп оның ішінде технологиялық процестерді жақсарту тәсілдерін іздестіру, оны ӛндіріске енгізу шараларын басқарады; - ӛндіріске шикізаттардың жаңа түрлерін және шығарылатын ӛнімдердің жаңа түрлерін енгізу; - ӛнім шығаруға пайдаланылатын шикізаттардың шығыс нормаларын,ыдыстарды - қапшық, жәшік т.б. тексеріп, оларды ӛзгертудің керектілігін анықтайды; - жаңа стандарттар,техникалық шаралар жасап, оларды ӛндіріске енгізуге қатысады. Макарон фабрикаларында егер техно-химиялық бақылау бӛлімі жоқ болса, оның міндеттерін де зертхана атқарады. Бірақ, онда ол міндеттерді негізгі ӛздерінің жұмыстарымен қоса атқарады. 14.3 Ұнның сапасын тексерудің әдістері 14.3.1 Сынама алудың ережелері Ұнның сапасын оның біркелкі партиясынан алынған орташа сынамасын талдай отыра анықтайды. Ұн партиясы деп бір сұрыпқа жататын бір мезетте қабылданатын немесе бір орында сақталып жатқан немесе бір кӛлікте басқа жаққа жіберілуге арналған әр түрлі салмақтық мӛлшердегі ұнды айтады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==