Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
162 - тексерудің арқасында алынған нәтижелерді техно- химиялық бӛлім меңгерушісіне қол қоюға дайындап, осы ӛнімдердің пайдаланатын орнын тағайындау, оларға тиісті құжаттар жасау қызметін атқарады; - сапасы тӛмен және жарамсыз деп танылған ӛнімдерге акт жасап, есептен шығару; - жаңа ӛнімдерді, ӛнімнің түрлерін шығаруға қатынасады; - мекемеде ақаусыз жұмыс істеу жүйесін жасап, ӛнімді кемшіліксіз бірден тапсыруға мүмкіншілік туғызады және соның шараларын ұйымдастырады. 14.2 Ӛндірістік зертхананың міндеттері Макарон кәсіпорнындағы зертханалардың ӛндірістегі міндеттеріне: - ӛнімдерді шығарудың барлық кезеңдерінде, оны шығаруға жасалған ережелердің мүлтіксіз орындалуын, тазалық сақтау ережелерін, ӛнімдерге жасалған рецептураларды толық қолдану ережелерін тексереді; - стандарттарға, техникалық шараларға, рецептураларға сай,шығарылатын ӛнімдердің сапасын тексереді; - егер ӛнім жарамсыз деп танылса немесе басқада бұрмаушылықтар, қателіктер жіберілсе, соның себебін тауып, оны жоюға ат салысады; - келіп түскен шикізаттың, макарон ӛнімдерінің сақталу режимін тексереді; - технологиялық процестерде тазалық сақтау, ауаның, машинаның және басқа да жабтықтардың тазалығын тексереді; - цехта жұмыс істейтін адамдардың жеке бастарының тазалығын, осы салада қойылған талаптардың орындалу жағдайын тексереді; - шикізаттардың және басқа да материалдардың шығысын тексеріполарды үнемдеудің шараларын жасайды; - дайын ӛнімдерді кӛзмӛлшерлік тәсілдермен бағалап, дәмін тату, иісін анықтайды; Ӛндіріс зетрханасының ӛндірістік және техно-химиялық есеп-беруді жасау саласындағы міндеттері:
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==