Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
161 14 МАКАРОН ӚНІМДЕРІНІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ 14.1 Макарон шығаратын мекемелерде бақылауды ұйымдастыру Макарон шығарудың барлық процесін, дайын ӛнімдердің стандартта қойылған барлық талаптарға сай болуын зертхана және фабриканың техно-химиялық бӛлімі тексеріп отырады. Тексерулерді жүргізу қызметі тиісті ―Ережелерге‖ сай жүргізіледі. Техно-химиялық бӛлімнің негізгі міндеттері: - шығарылатын ӛнімдердің сапасын бақылап, тексеріп, олардың стандартқа, техникалық шараларға сай, рецептуралардың ӛзгертілмей орындалуын тексереді; - оны шығарудың әр кезеңінде ережелердің орындалуын, тазалық-санитарлық режимдерінің сақталуын, оның дәрежесін тексереді; - мекемеге келіп түскен шикізаттардың сапасын анықтайды; - макарон салынған ыдыстар мен қапшықтардың сапасын, онда жазылған жарлықтардың дұрыстығын тексереді; - егер сапасы тӛмен ӛнім шығарылатын болса, оның себебін, оған кінәлі адамды айқындау, оған сай әр түрлі арыздарды талдауға қатынасады; - жіберілген қателіктерді, жарамсыз деп танылған ӛнімдерді есепке алып, оның жіберілу себептерін анықтайды: - осындай қателіктерді жібермеу, ӛнімнің сапасын арттыру үшін қолданылатын шараларды ұйымдастырады; - шығарылған ӛнімдерге зауыт маркаларын қоюды тексереді; - қоймадағы шикізаттардың, дайын ӛнімдердің сапасын және олардың сақталу жағдайын тексереді; - темір жол вагондарының, контейнерлердің және басқа да кӛліктердің осы ӛнімдерді тиеуге, тасуға жарамдылығын тексереді; - тексеруге пайдаланылатын зертханалық және ӛлшеуіш аспаптарының түзулігін, оларды мемлекеттік тексеруден ӛткізудің жағдайын анықтайды;
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==