Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы

158  айналадағы температураның жылдам алмасуы макаронның бетінің шытынап кету процесіне әкеліп соғуы мүмкін, сондықтан кептіргіш камерадан шыққан макарондарды жайлап суытып содан соң ғана қоймаға жіберуге болады;  жәшіктерді тасығанда, орнын ауыстырғанда оларды сындырып немесе кесіп алмай қозғау керек. Оларды ылғалданудан, жәндіктерден сақтау керек.  макарон ӛнімдерін улы, жаман мүңкіген иісті, шаңды мол шығаратын заттармен бірге сақтауға немесе тасуға болмайды.  макарон ӛнімдерін құрғақ, жазда салқын, жақсы желдетілетін, ішкі тӛбесі, қабырғалары тегіс, ақталған бӛлмеде сақтайды.  қоймадағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60-65 % болып, қыста суық, бірақ желдетуге, ал кейде, керек бола қалған жағдайда жылу жіберу тетіктері қарастырылған болуы керек.  қоймадағы жәшіктердің қатарлары жақсы желдетілген болу керек. Қоспа қосылмаған макарон ӛнімдерінің кепілдік сақтау ұзақтығы шығарылған күннен бастап 24 айды құрайды. Макарон ӛнімдерінің басқа түрлері бекітілген МЕМСТ Р 51865-2002 бойынша сақтау мерзімі: бидай ұрығымен - 3 ай; сүт және соямен - 5 ай; жұмытқа және томат – 12 ай; глютенмен, сәбізбен, шпинатпен – 24 ай сақталады. Бақылау жұмысы: 1 Макарон ӛнімдерін ұзақ уақытқа сақтау кезінде ылғалдығы қанша болуы керек? 2 Макарон ӛнімдерінің сақтау мерзімі. 3 Дайын ӛнімдерді сақтайтын қойманың жағдайы қандай болады? 4 Дайын макарондарды сақтау кезінде қоймаға орналастыру реті. 5 Макарон ӛнімдерін сақтайтын қойманы желдетудің мақсаты.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==