Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы

157 12 МАКАРОН ӚНІМДЕРІН САҚТАУ Макарон ӛнімдерін қоймада сақтаған кезде олар бұзылып, қойма зиянкестерімен зақымдануы мүмкін. Ӛнімдердің кӛбінесе бұзылуы – оның ылғалдылықтың жоғары болуы нәтижесінен кӛгеруі. Егер макаронның ылғалдығы жоғарыласа, онда ӛңез пайда бола бастайды. Сондықтан олардың ылғалдығы неғұрлым тӛмен болса, соғұрлым, ӛзінің тағамдық және дәмік кабілеттерін тӛмендетпей, ұзақ сақталады. Сондықтан ұзақ сақтауға арналған макаронның ылғалдығы 11%-дан аспау керек, ол 16%-дан жоғары болса, онда ӛңездену қаупі туады. Макарон ӛнімдері ылғалды ӛзіне ауадан тартып, сіңіргіш келеді. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы ӛскен сайын макаронның да ылғалдығы ӛседі. Сондықтан олар сақталатын қойма кұрғақ, жақсы желдетілген болу керек. Егер макаронның ылғалдығы ӛсіп бара жатса, оны қарқындата желдетіп, бүлінуден құтқарып қалуға болады. Макарон ӛнімдері тӛмен температурадан қорықпайды, сондықтан да салқын қоймаларда да сақтауға болады. Макарон ӛнімдері ылғалмен қатар, ӛзіне бӛтен иісті де сіңіріп, сақтап қала алады. Картон жәшіктерге, қапқа капталған макаронды текшелеп жинайды. Олардың биіктігі 6 жәшік немесе 7 қаптан аспау керек. Қоспа қосылмаған макарон ӛнімдерін қолайлы жағдайда бір жылға дейін сақтауға болады. Осы текшелердің астында да бӛтен иісі болмау керек. Макаронның зиянкестеріне диірмен және ұн кӛбелектері, ірі және ұсақ зауза қоңыздары, күріш бізтұмсығы және ұн кенесі жатады. Макарон зиянкестерімен күресу үшін, ең алдымен, мекеменің ауласы, қойма, цехтың іші-сырты таза болу керек. Екіншіден макаронды сақтағанда мына талаптар қойылады:  ылғал және зиянды жәндіктер кіріп кетпеу үшін, макаронның ылғалдылығы ӛз еңгейінде болып, олар мықты саңылаусыз тығыз жабылған ыдысқа салынып сақталу керек;

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==