Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы

12  шынылығы жұмсақ бидайдан алынатын жоғары және бірінші сұрыпты ұннан дайындалатын – Б тобындағы макарон өнімдері ;  наубайханалық жоғары және бірінші сұрыпты бидай ұнынан дайындалатын - В тобындағы макарон өнімдері . Сұрыбымен қатар макарон ӛнімдері түріне қарай да жіктеледі. Пішіндеу тәсіліне қарай макарон ӛнімдері кесілген, престелген және штампталған деп бӛлінеді. Пішініне қарай түтікше, жіпшік, таспалы және әшекейлі деп тӛрт типке бӛлінеді. Барлық макарон ӛнімдерінің типі ұзын (200 мм кем емес ұзындықтағы макарон ӛнімдері) және қысқа (ұзындығы 150 мм кӛп емес макарон ӛнімдері). Түтікше макарон өнімдері пішіні және кесілуіне қарай макарондар, қысқа түтік кеспе және құс қауырсындары болып бӛлінеді (1-сурет). Сурет 1. Түтікше ӛнімдер: а - макарондар; б – қысқа түтік кеспе; в – құс қауырсындары

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==