Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы

10 шешімін табу шикізаттың сапасын жоғарлату үшін тұтас кешенді шараларды жасаумен байланысты. Макарон ӛнімінің сапасын жоғарлатуда оның ассортиментін кеңейту, ӛнімнің шығарылуын жоғарлатып, буып, түюге кӛп кӛңіл бӛледі. Макарон ӛнімдерін қатты және шыны жұмсақ бидайлардың ұнынан дайындайды. Бұл бидай ұндарында ақуыз және желімше кӛп болып, олардың сапасы жоғары болады. Әсіресе оның желімшесі ӛте серпімді, әр түрлі қалыпқа келтіруге кӛнгіш, макарон ӛнімдерін жасағанда бірімен бірі жабыспайтын болу керек. Қазақстан аумағында отандық ӛндірушілердің 69 % қатты сұрыпты жоғары сұрып бидай ұндарынан дайындалатын макарон шығарады. Бұл факт басқа елдердің ӛндірушілері алдындағы бәсекеге қабілеттілікті кӛрсетеді. Сонымен қатар макарон ӛнімдері ӛндірісі үшін қолданылатын отандық шикізаттың болуы бәсекеге қабілетті тиімді бағада шет елге отандық ӛнімді экспорттауға мүмкіндік береді. Макарон ӛнімдерін отанымызда ӛндіру әртараптандырылған және тұтынушылардың кең кӛлемде таңдауына мүмкіндігі бар дәстүрлі кеспелерден бастап әртүрлі әшекейлі ӛнімдерге дейін шығаруға бағытталған. Сонымен қатар 78 % отандық ӛндірушілердің дәмдік қоспаларсыз және байытқышсыз табиғи ингредиенттерді қолдануы бәскеге қабілеттілікті арттырады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==