Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы

9 1 ҚАЗАҚТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МАКАРОН ӚНДІРІСІ Республикамызда тағам ӛндірісінің макарон саласы үлкен перспективалы даму үстінде. Оның дәлелі - макарон ӛнімдері әлеуметтік азық-түлік ӛнімдерінде негізгі орынды алады. Макарон ӛнімдері ӛзінің тағамдық және энергетикалық құндылығына байланысты азық-түлік ӛнімдерінің себеті құрамына кіріп отыр. Сонымен қатар, Қазақстанда ертеден бері де макарон ӛнімдері қолданылу үстінде, және де қазіргі кезде саны және сапасы жағынан дамып келе жатқан ӛнімнің біріне жатады. Макарон ӛнімдерінің қолдануы әр мезгілде әртүрлі. Жазда кӛкӛніс пен жемістерге қол жетімділік жоғары деңгейде болғандықтан макарон ӛнімдерін тұтыну азаяды, ал қыста ӛседі. Сондай-ақ осы саланың дамуының артықшылығы экономикалық тиімділігі – бидай дәнін ӛңдеу арқылы алынатын арзан азық-түлік ӛніміне жатады. ―TNS Gallup Media Asia‖ компаниясымен жүргізілген ―Media Market Index‖ зерттеулер нәтижесіне сүйене отырып, Қазақстанда макарон ӛнімдерін 97 пайыз тұрғындар тұтынады. Республикамызда 2006 жылдан бері макарон ӛнімдері ӛндірісі жылда ӛсіп келеді, және ол ӛсу басқа жылдармен салыстырғанда 17% құрайды. Макарон ӛнімдері ӛндірісі бойынша сала рейтингі Солтүстік-Қазақстан облысында салыстырмалы түрде жоғары ӛнімділікті кӛрсетті. Жалпы солтүстік ӛңірлерде барлық ӛндірілетін ӛнім кӛлемі 48,3% құрайды, бұл шикізат базасының болуымен түсіндіріледі. Ӛндірілген 86% макарон ӛнімдері ішкі нарықта тұтынуға, 14 % экспортқа шығарылады. Соңғы жылдары ішкі нарықта жылдық орташа абсолютті ӛсу 14% жетті. Ішкі кӛлемнің ӛсуі белгілі деңгейде нарықтың ӛзінің сапалы дамуының да әсерінен, сондай-ақ кәсіпорындардың маркетингтік саясаты, ӛнім ассортиментінің кеңеюі, дәмдік сапасының жақсаруы, қаптамалардың ыңғайлылығы, компаниялардың белсенді жарнамасы және тағы да басқа факторларға байланысты. Макарон ӛнімдерінің сапасын жоғарлату - тамақ ӛнеркәсібі алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі. Бұл сұрақтың

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==