Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.

Тағамдық қоспаларды адамзат баласы мыңжылдықтар бойы қолданып келеді.Адам егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналыса бастағаннан кейін,тамақ қорын жасау және оның сақталуына қамқорлық жасау қажетгілігі пайда болды. Осылайша тұздың,түтіннің,сірке суының консервациялаушы әсері ашылды. Әдетте тагам қоспаларын бірнеше топқа бөледі: - өнімнің сырт келбетін жақсартатын затгектер; - консистенцияны өзгертетін заттектер,әдетте бүл топқа белсенді тагам заттектерін дс жатқызады; - хош иістендірушілер; - тәтті қосқыш заттектер және дәм қоспалары; - өнімнің сақталуы мен сақтау мерзімін ұзартатын консервантгар. Түрлі мемлекетгерде пайдаланылатын тағамдық коспалардың саны бүгінгі таңда 500-ден астам атауы бар.Тағамдық қоспалардың спецификалық атауы ережеге сай үзақ,химиялық құрамы да күрделі.Соидықтан Еуропа қауымдастығы елдерінде тағамдық қоспаларды «Е» әріпімен белгілеу және сандық кодтау жүйесі енгізідді. «Е» әріпі бүл елдерде ұсынылған тағамды қолдануға рүқсат етілгендігін білдіреді. Консерванттар - аз концентрацияда микроорганизмдердің дамуын тоқтата алатын немесе оларды жоя алатын заттар.Ол заттар адам ағзасы үшін зиянсыз және қолданар алдында өнімнен оңай шығарылып тасталатын болуы керек;өнімге оған тән емес дәм немесе иіс беріп,оның тағамдық қасиеттерін төменднтпеуі керек.Консерванттарды қолдану өнімді сақгау кезінде тез бұзылудан қорғайды. Тағамдық қоспалар барлық елдерде рұқсат етіле бермеуі мүмкін. Мысалы.амарантка (Е123) АҚШ пен Ресейде қолдануға тыйым салынса, Франдияда ол аса қолданысқа ие.Тағамдық қоспалар қолданылуына қарай мынадай категорияларға жіктеледі (кесте 6). Кесте 6. Тагамдық коспалар классификациям»! Е100-Е199 Бояғыштар Е200-Е299 Е300-Е399 Консерванттар _________________________________________ Антиоксиданттар.Қышқылдануға қарсы заттектер Е400-Е499 Тұрақтаидырғыштар, қоюлатқьшггар Е500-Е599 Эмулыаторлар Е600-Е699 Дәмі мен хош иістеріи күшейткіштер Е700-Е899 Резервтегі номерлер Е900-Е999 Көбіктендіргіштер. Канцерогендік эсер береді 46

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==