Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.
Тағам өнімдерінің ішінде бул токсин жүгері унында, үлпегінде және жүгері сырасында анықталған. Зсараленонның айқын эстрогенді және тератогенді әсерлері бар, көптеген елдердің малшаруашылығына үлкен проблема тудырып отыр, ал бул микотоксиннің ауылшаруашылық жануарларының тіндерінде жинақталуы адам денсаулығына қауіп төндіреді. Man азығының зеаралснонмен ластануы урықтылығының төмендеуін, малдың іш тастауын, бедеулік және шошқа, сиыр, үй қустары және кояндардың қабыну ауруларын тудырады. Осыган қарамастан, зеараленонның кейбір туындыларын осы уақытқа дейін жануарлардың өсу стимуляторлары ретінде қолданып, өнеркәсіпте айтарлықтай көп өндірген. Патулин — өте қауіпті микотоксин, канцерогенді және мутагенді қасиеттері бар. Патулиннің негізгі продуценттеріне Penicillium patulum және Penicillium expansum жатады. Патулин продуценттері негізінен жемістерді, және кейбір көкөністерді закымдап, шірітеді. Патулин алма, алмурт, өрік, алша, шие, жүзім, банан, қулпынай, көк жидек, ит бүлдірген, айва, бүрген және қызанактарда анықталған. Жиі жағдайда патулин алманы зақымдайды, ондағы уыт мөлшері 17,5 мг/кг-ға дейін жстуі мүмкін. Патулин тек шіріген жеміс жәнс кокөністерде емес, қалыпты түрлерінде де табылады. Мысалы, патулин қызанақ тіндеріндс біркелкі таралады. Концентрациясы жоғары патулин жеміс және көкөністен өңделген өнімдерде, шырын, тосап, пюре және қайнатпаларда табылады. Әсіресе, оны алма шырынында жиі табады (0,02-0,4 мг/л). Патулиннің баска шырын түрлеріндегі мөлшері алмұрт, айва, жүзім, алхоры, манго құрамында 0,005 -тен 4,5 мг/л дейінгі аралықта болады. Азық-түлік шикізаты және тагам өнімдерін сертификаттау барысында микотоксиндер мөлшерін бақылау міндетті болып табы- 140 лады. Қазақстанда тагам өнімдеріндегі микотоксиндер мөлшеріне санитарлық-гигиеналык нормативтер қабылданған. 43
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==